Бәйге аттарынан озған Бөріш желаяқ

Бәйге аттарынан озған Бөріш желаяқ

Ел арасында адам айтса нанғысыз желаяқ адамдар болады екен. Олардың жүйріктігі соншалық, «Аттармен бірге бәйгеге қосқанда, екпінімен көмбеге тоқтай алмайтын болғандықтан екі аяғына тас байлап қояды екен» дегенді ертегілерден оқушы едік.

 

Шындығында ерте заманда ерекше жүйріктер болыпты. Оған дәлел, Төртуыл руының Қарсалшақ атасынан шыққан атақты жүйрік – Жолдыбайұлы Бөріш желаяқ. Аламан бәйгеге қосатын аттары жоқ болғандықтан қарсалшақтар Бөрішті ат бәйгесіне қосып жарыстыруды дәстүрге айналдырып, бас бәйгені иемденіп отырған. Аттарды Сәтбай жазығынан жіберіп, көмбе Кішкенетаудағы Сарбұлақ сайының аузында болған. Ара қашықтық - шамамен 40-50 шақырым. Бөріш көмбеге келіп дем алып отырғанда, бәйге аттардың алды келе бастайтын көрінеді.

 

Бірде Төртуыл елінің бір топ жақсылары Маңырақ, Кішкене тауды мекен еткен Жұмықтың төресі Қамбардың ауылына қонақ болып отырады. Қамбар олардың жеке-жеке аты-жөндерін сұрап танысады. Бөрішті – бұл біздің жел жетпес желаяқ жүйрігіміз, – деседі төртуылдар.

 

Сен нағыз жүйрік болсаң, бүгін түнде құптан намазы мен таң намазы аралығында менің бас киімімді ешкім алмайтындай етіп қыстауымдағы үйімнің маңдайшасына іліп кел, - дейді.

 

Кешкі ас ішіліп, құптан намазы оқылғаннан кейін бәрі демалуға жатады. Көппен бірге Бөріш те жатады.

 

Қасындағылар: - Төреге берген уәдең қайда? – десе, «Біраз демалып алайын», - дейтін көрінеді жайбарақат. Таң намазына бәрі тұрып, жуынып дәрет алғанда Бөріш те орталарында жүрсе керек.

 

Таңғы астан кейін Қамбар Бөрішке:

 

- «Қалпақ қайда?» - депті.

 

- Тақсыр, қалпағыңызды айтқан жеріңізге іліп келдім. Ешкім алмасын деген соң, үлкен дәретке отырып, ішін толтырып қойдым, - депті.

 

Қамбар атшабарына бұйрық беріп:

 

- Дереу барып тексеріп кел! - дейді.

 

Қамбардың ауылы отырған жер мен қыстауының арасы 50-60 шақырым жер болса керек. Атшабар түс ауа оралып, қалпақты көрсетіпті. Қамбар оның жүйріктігіне тәнті болып, риза болса да, болмаса да, өз абыройын ойлап, атшапан сыйлапты. Бөріш: «Тақсыр, шапаныңызды алайын. Атты не істеймін, оны бағып-қағу керек, ұры-қарыдан аңду керек» - деп рақмет айтыпты.

 

Тағы бірде Байжігіт елі Төртуыл елімен бәс тігісіп, өздерінің желаяқ жүйрігі Боралдай дегенді Бөрішпен бірге бәйге аттарға қосып жібереді. Бөріштің шау тартып, егделеп қалған кезі екен. Боралдай бірінші болып Сарбұлаққа жетіп, екінші келген Бөрішке: «Неге кешіктің?» - десе, «Қартайып қалған екем, аттардың шаңынан әзер шықтым» - депті.

 

Халық арасында «Бөріштен Боралдай озды» деген арттағыларға сөз қалыпты. Тағы бір аңызда былай дейді: өзінен озып бара жатқан Боралдайға Бөріш: - «Әй, бала!» - дейді. Жалт қараған Боралдайдың көзіне Бөріш бір уыс құм шашып жіберіп, көмбеге бұрын жетіпті. Ыза болған Боралдай Бөрішті «ұрпағың өспей қалсын» деп қарғапты.

 

Аңыздың аты аңыз. Дегенмен, Қарсалшақта Бөріш атты желаяқ болғаны анық.

 

 

 

 

Автор: Қалибек Алтыбаев, Зайсан ауданы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста