Аруақтар түс арқылы болатын қатер жайлы ескерткен екен

Түстің де тылсым құдірет екенін мойындау керек сияқты. Түс көру арқылы жоғалғанды табатын, науқастың диогнозын анықтайтын, алда болар қатерді болжайтын емшілер де бар. Кейде қарапайым адамдардың да түсінде көргені өңінде дәл келіп жатады. Демек, түс арқылы адамдарға басқа ғаламнан хабар жетеді. Яғни, түс о дүние мен бұл дүниенің арасын жалғаушы тылсым құдірет. Түс арқылы бізге ескерту жасалады. Өкінішке қарай көп жағдайда біз түсті дұрыс жори алмай, өкінішке ұрынып қаламыз. Соның дәлелі ретінде, көрген түстің өңінде дәл келгені туралы бір оқиғаны «Алаш айнасы» оқырмандарына айтып бергелі отырмын.

Егер кімде кім мақталы өңірде өскен болса, мақта жинайтын комбаинды білуі тиіс. Сол комбаинда ұсақ тістерімен мақтаны іліп алатын шпиндель деген метал қондырғы болады. Шпиндель-ұзындығы 70-80 см болатын, бірнеше жүздеген ұсақ тістері бар, темір қондырғы. Бірнеше шпиндель барабанға орнатылады. Барабандардың өзі бірнешеу болады. Екі барабан бір біріне қарсы бағытта жоғары жылдамдықпен айналады. Сол екі барабан мақтаны іліп алып бункерге жинайды. Ал барабанға орналасқан шпиндельдерді жиі жуып-тазалап тұру қажет. Өйткені мақтаның шайыры шпиндельдің тістеріне жабысып қалады. Егер оны уақытылы тазалап отырмаса, онда шпиндель ілмейді де мақта жерге төгіледі. Егер байқаусызда киімді іліп кетсе, шпиндель адамды шайнап тастайды. Біздің көршіміз сондай жағдайға тап болған еді.

Мақта терім кезінде мақтаны көп жинаған комбаиншыларға заттай және ақшалай сыйлықтар берілетін. Жиын-терім біткен соң қортындысы бойынша мақтаны көп жинаған комбайншы қосымша сыйақыға қол жеткізеді. Өте жоғары көрсеткішке жеткендерге автокөлік тарту етілетін. Сондықтан комбаиншылар арасында қызу бәсекелестік, жарыс болатын. Кейде шық түседі де мақта алқабына ерте түскен комбайндердің шпиндельіне мақта оралып қалады. Ондай кезде оны тазалау қиын болады. Ондай сәттерде асығып жүріп, байқамай шпиндельге ілініп кету қаупі жоғары. Біздің көрші де солай, асығам деп байқаусызда киімін іліп кетіп, шпиндель аяғын шайнап тастаған еді.

Бір қызығы көршіге осы жағдайдың болатыны түсінде аян берген екен. Оны кейін ауруханадан шығып келген соң өзі айтып берген еді. Айтуынша, сол күні көршінің түсіне соғыста бір аяғынан айырылып келіп, кейіннен қайтыс болған әкесі кіріп, «бір аяқсыз қиналып жүрмін, аяғыңды бере тұршы. Ертең комбайн жуатын жерге келем» депті. Айтуынша, аяғы алмалы-салмалы екен. Олардың әңгімесін есітіп тұрған марқұм анасы, «балам әкеңнен гөрі аяқ өзіңе қажет, ертең жұмысқа барма, барсаң әкең бір аяғыңды алмай қоймайды» дейді. Анасының көңілін жықпайын деп «жарайды» дейді де, «анама айтпай-ақ әкеме бір аяғымды бере тұрайын» деп ойлап жатып оянып кетеді.

Оянса, таң атып қалған екен. «Түс түлкінің тезегі» деп, көрген түсіне аса мән бермейді. Орнынан тұрып, ас-шайын ішеді. Мақта алқабына баруға әлі де уақыт ерте. Әйтсе де асықпай бара берейін, түнгі шық кепкенше шпиндельдерді дұрыстап тазалап алайын деп ойлайды. Ол барғанда мақта алқабының басында әлі ешкім жоқ екен. Су ағатын латоктың қасына мақта теретін комбайнді жақын қойып, шпиндельдерді жууға кіріседі. Бір кезде қолындағы щетка екі барабанның ортасына қысылып қалады. Щетканы аяқпен теуіп шығарып жібермек болған кезде, етіктің қонышынан шығып қалған шұлғауды шпидель іліп кетеді. Әп сәтте шпиндель етікті, шалбарды, одан әрі аяқты шайнай бастайды. Жан ұшыра айғайлаған дауысын өтіп бара жатқан бір кісі есітіп қалады. Жүгіріп келіп, комбайнді өшіреді. Етік пен шалбардың шпиндель арасына қыстырылып қалған бөлігін пышақпен кесіп, аяғын шығарып алады. Сол аралықта шпиндель аяқтың балтыр етін түгелдей шайнап, сүйекке жеткен екен. Көрші үш ай ауруханада жатып, емделіп шықты. Бірақ бір аяғын сылтып басатын болып қалған еді.

Егер сол күні көрген түсіне мән беріп, жұмысқа бармай-ақ қойса, бәлкім аман-есен жүрер ме еді?! Өкінішке қарай, түстің тылсым күш екенін көпшілігіміз ескере бермейміз. Түс жорушылардың айтуынша, түс - о дүние мен бұл дүниенің арасын жалғаушы тылсым күш. Яғни түс арқылы ата-бабалар аруағы күтіп тұрған қатер жайлы алдын ала ескертеді.

Тұрсын Байділдаев

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста