Аруақтар мекендеген үрейлі үй

Қызылорда қаласында бір үйді жергілікті тұрғындар елестер жүреді деп есептейді. Расында, қазір онда ешкім тұрмайды. Қос қабатты ғимарат ашық-шашық жатыр. Өзі қаланың "Арай" шағын ауданы аумағында орын тепкен.

Бұл аудандағы үйлер қаншама қаржы тұратынын ескерсек, ол үйдің иесіз тұруын түсіне алмаймыз. Естуімізше, ол үйді елестер әбден меңдеп алған көрінеді. Түні бойы сол үйде қонған адамдарға маза бермеген көрінеді. Соның салдарынан үй иесі барлығын тастай қашуға мәжбүр болғанк көрінеді. Бәлкім, алғашқыда бұл баспана біршама қаржыға өткен де шығар. Қазір оған ешкім де жоламайды. "Бәлесінен аулақ" дегендей сыңай танытады. Өйткені, оны қала тұрғындарының бәрі біледі. Сондықтан әрбір адам бұл жерге жоламауды қалайды. Осының кесірінен қос қабатты үйдің бағасы да қарабақырға да татымай тұрған жайы бар.

Неге олай болды? Бұл сауалдың жауабын оңай тауып алауға болады. Кешегі ашаршылық жылдарында Арқадан жақтан ауған жұрт Сырға жетіп жығылды. Жеткені өзеннен балық аулап жеп, өзек жалғап аман қалды. Жетпегені кез-келген жерде қалып, сүйегі далада шашылып қалғаны да жасырын емес. Сондай-ақ, аталмыш жерде кезінде ату жазасына кесілген азаматтар да атылған деген де қауесет айтылады елдің арасында. Әрине, оның анық-қанығын кім білген? Сол оқиғаларды көзі көрген адамдардың көбісі бүгінде бақилыққа аттанып кете барды. Елдің арасында тек әңгімелер ғана айтылады. Өкініштісі, сол жылдарда саяси зобалаң салдарына қаза тапқандар жаңағы үй қоныс тепкен аймақтарда қайтыс болған.

Осыдан 10-15 жылдай бұрын сол аумақта қазу жұмыстары жүргізіліп, адамдардың сүйектері табылған еді. Олардың қаншасы табылып, басқа жерлерге жерленді? Бұл тұрғыда біздің қолымызда ешқандай дерек жоқ. Дегенмен, елдің арасында айтылған әңгімеге сүйенсек, табылған сүйектердің өзі аз болмаған көрінеді. Ашылмай қалғаны да аз емес еді. Жалпы, қазекем мұндай жерлерді қастерлеп отыратын сияқты еді. Не екені белгісіз, сол бір уақытта аталмыш аймақтың аумағы жер үй салуға тұрғындарға бөлініп берілді. Осының нәтижесінде оның жан-жағының барлығына үй тұрғызылып, сүйектердің біршамасы олардың астында қалып қоюы әбден мүмкін. Жаңағы үй сондай сүйектердің үстіне салынған ба екен? Қайдам? Әйтеуір, ол үйге ешкім тұра алмағанға ұқсайды. Себебі, аталмыш қос қабатты үй сүйектер қалып қойған төбенің тап түбінде жатыр.

Сол үй тұрған азаматтардың айтуынша, түнімен елестер маза бермейтін көрінеді. Одан құтылу үшін барлық амалын қарастырған. Мұсылмандық жолмен құран да оқытқан. Олардан еш қайран болмапты. Бәз-баяғысынша түнге қарай ешбір тыным жоқ. Есіктер тарсылдап соғылады. Үйдің ішінде біреулер күбірлеп жүрген секілді. Жарықты жақсаң ештеңе көрінбейді. Бұл көріністі көргенде жүрегің тас төбеңе шығады. Тіліңді кәлимаға келтіресің. Осындай көрініс қандай отбасы тұрса да қайталана берген. Ешқайсысы да әлгі елестерден құтыла алмаған көрінеді.

Осылайша әлгі баспана қолдан қолға өтті. Бірақ, ешкім де түнгі елестерге шыдас бере алған жоқ. Үйді тастай қашуға мәжбүр болды. Тіпті, үйді бұзып алып кетуге де ешкімнің жүрегі дауалаған жоқ. Өйткені, сынық сүйем шегені алып кеткен адамның өзіне қай жерде жүрсе де әлгі елестер маза бермеген көрінеді. Ашық-шашық жатқан үйден әркім керек-жарағын алып кетуге тырысқан еді. Олар көп ұзамай алып кеткен заттарын үйге қайтадан алып келуге мәжбүр болды.

Біз кезінде әруақты жерлерді мазаламауға мән беретін едік. Бұл жайында көнекөз қарттарымыз үнемі ескертіп отыратын. Қазір осы бір тәрбие аяқ асты қалғандай. Тура бір ешқандай тылсым дүние жоқ секілді сезінетін күйге түстік. Мойындасақ та, мойындамасақ та, сондай тылсым сырлардың бар екені қазірдің өзінде бізге белгілі жайттарға айналып келеді. Елдің арасында араб тілінде жазылған түрлі жазулар көрініс беріп келеді. Олар адамның бойында, мал терісінде, көкөніс-бақша өнімдерінде көрініс табады. Жақында ғана Семей қаласында аспан жүзінде жазылған сондай жазу жайлы мерзімдік басылым беттерінде елге хабарланды. Сондықтан елестер туралы әңгіме бекерден-бекер айтылмаса керек-ті.

Қазақ талай нәубетті бастан өткізді. Сол бір жаныңды қоярға жер тапқызбайтын жағдай – өткен ғасырдың отызыншы жылдарында орын алғаны белгілі. Сол қасіретті кезеңде қаншама боздақтар жазықсыз жапа шекті. Ашаршылық та орын алды. Соның салдарынан көше бойында қаза болған адамдар жатқан жерлерді көзімізден тас етпей, ондай орындарға құрмет жасауымыз тиіс еді. Өкінішке қарай, сол бір жылдарда осындай қасиет біздің бойымызда кездесе қойған жоқ. Соған жақын жерден кезінде үй салуға жер берген адамдар әрекетін бүгінгі күні түсіне алмай жүрген жайымыз бар.

Аталарымыз "Әруақтарды мазалауға болмайды" деуші еді. Осы бір сөзді қашанда қағида етіп алуды назардан тыс қалдырмасақ дейміз. Өкініштісі, күнделікті күйбеңмен оған мән бере бермейтін жағдайға жеттік. Қай кезде де сондай талаптарды адыра қалдыруға болмайтынын жоғарыдағы жағдай тағы бір мәрте дәлелдеп тұрған секілді.

Қазіргі күні елес қонған үйге ешкімнің жүрегі дауаламайды. Қасынан өткен адамның өзі денесі түршігеді... Үрейлі үй үркітіп отыр.

Автор: Ж.Қорған. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста