Әлемдегі үрей билеген он үй

 Бүгінде әлемде аңызға толы әңгіме де, жұмбақ жағдайлар да, көпшілік куә болған оқиғалар да жетіп артылады. Олардың біріне сенсең, екіншісіне сенгің келмейді. Дүбірлі дүниеде жария болмаған жаңалық қалмағандай-ақ. Амал қанша, ашылмаған құпиялар әлі де жеткілікті екен. Солардың қайсыбіріне куә болғандардың әсерге толы әңгімелерінен соң, болған оқиғаларды болжау былай тұрсын, табиғатта тылсым жағдайлардың көрініс беруі болуға міндетті құбылыстай көрінеді. Сондай жағдайлардың бірқатары жақында Forbes журналында жан-жақты қозғалды. Онда әлемде елдің есін шығарған он үй туралы сөз болады.
Иә, бүгінде тылсым оқиғалар кім-кімге де қызық көрінеді. Айталық «ұшатын табақшалар» туралы қаншама мақала жазылды, кітаптар шықты, деректі кинолар көрсетілді. Бірақ оны көзбен көргендер жоқ. Осының өзі қызық. Тағы бір мысал, қар адамына қатысты. Тіпті оны көргендер бар. Бірақ ешкім ұстай алмаған. Енді бір мәселе, жын-шайтандарға қатысты. Бұл туралы қазақтар арасында да сан түрлі болжам жасалып, ұзақ әңгімелер айтылады. Үйде жападан жалғыз қалғанда ыдыс-аяқ пен жиһаздардың сықырлауы, орнынан қозғалу секілді адам нанғысыз оқиға тілге тиек болғанымен, содан зардап шеккен ешкім жоқ. Дәл осындай жағымсыз жағдайлар шетелдерде де болып тұрады екен. Әсіресе, ғажайып ғимараттардың ішінде әлдебір дауыстың шығуы, әлдебір көлеңкенің көлбеңдеп, өзіңмен ілесіп жүруі секілді оқиғалар жергілікті жұрт түгілі, естіген кісілерді еліктіреді. Мұндай жерлерге туристер де әуес келеді. Осылайша елесті есепсіз ақшаға айналдырушылар да бар. Расында да қызық қуғандар әлгі жерге апталап жатып, жын-шайтанды күтетін көрінеді. Солардың әлемге әйгілері мыналар:

Сан Хосе, Калифорния штаты
Оливер Фишер Винчестер - ерлерге киім тігетін дәулетті кә­сіп­керлердің бірі. Ол XIX ғасыр­дың 50-жылдары қару жасаумен шұғылданды. Бұл оған атақ-даңқ әкелгенімен, отбасына жақсы бол­маған көрінеді. Өйткені жа­қын-жұрағатының біразы аз уа­қыт­та бірінен соң бірі көз жұмады. Бәріне кінәлі өзі шығарған қару­дан қаза тапқандардың аруақтары көрінеді.
Ол бөлме кезген «кісілерді» адастыру үшін ғаламат үй салуды ұйғарыпты. Винчестер бұл бас­па­наны салу барысында да күтпеген оқиғаларды бастан кешіріпті. Ай­талық біресе баспалдақ, біресе, бөлме төбелері құлаған. Соған қарамастан бой көтерген үйдің 150 бөлмесін бүгінде туристер еркін аралай алады.


Тайбэй қонақүйі

Тайвандағы бұл ғимарат жақ­сы қонақүй­лер қата­рында. Алай­да елес қана қонақтарға маза бер­мейді. Тіпті бұл мәселе туристік форумдарда да тілге тиек болған.
Құпияның сыры мынада кө­рінеді: қонақүй бұрынғы түрме орнына салынған. Мұнда екінші дүниежүзілік соғыстың көптеген тұтқындары өлген. Осындағы қыз­меткерлер адамдардың күлкісі мен дауыстарын, аяқ дыбысы мен есік қаққан сәтін алғашқы күннен естіген. Бертінде қонақтар да кү­дікті ойға берілген. Себебі бөл­медегі заттар бір орыннан екінші орынға ауысып кете береді екен. Мекеме басшылары фэн-шуй мамандарын шақы­рып, елеспен өздерінше күрескен көрінеді. Соған қарамастан қонақүйден қорқыныш кетпей тұр.

Көне синагога (Прага)

Бұл - XIII ғасыр­дың ортасын­да салын­ған Еуропадағы көне си­­нагога. Мұнда саз­дан салынған адам бей­­несі талайды там­сан­­­ды­рады. XVI ғасыр­да Париж раввині Йе­худ Лев Бен Бецалель мұнда сыйыну орнын жасайды. Бірде ол осы дәстүрінен жаңыл­ғанда, алып ескерткіш көше кезіп кетіпті де­седі аңыз. Сондықтан бұл ғимарат­қа кіруге тыйым салынған. Бірақ фа­шистік Германия жандай­шап­тары 1940 жылдары тыйым салуға қарамастан шатырға шығыпты-мыс. Соңы не болды?

Бриссак-Кенсе

Францияда Луар жазығын­дағы көне ғимаратта ХV ғасырда екі кісі өлімі болады. 1462 жылы ғимараттың алғашқы иесі Жак де Брезе Шарлотте де Валуаға үйленеді. Күйеуі аңшылыққа кеткенде әйелі ондаған бөл­ме­лерді шарлап, көңілдестерімен күн өткізеді. Мұны Брезе арада 15 жыл өткенде ғана біледі. Ашу үстінде әйелі мен оның көңіл­десін өлтіреді. Кейіннен өзі де көз жұмады. Барлық елес содан кейін басталған...


Кроаджинголонг саябағы

Бұл маяк - Австралиядағы ең биік нысан. 1947 жылы сәуірде жергілікті басылымда «Адам жоғалды» деген мақала басылады. Осы оқиғаны маякпен байланыстыратындар мұндай елесті ұдайы байқайды екен. Елесті көруге туристер жыл бойы ағылатын көрінеді.


Брэд­фордтың баспанасы

Үй тарихы 1796 жыл­дан бас­та­лады. Бас­пананы тұрғыз­ған - генерал Дейв Брэд­форд (Луизиа­­на шта­ты, АҚШ). Жер­гі­лікті халық үйдегі елесті гене­рал­дың қызы және оның күй­еуімен байла­ныс­тырады. От­ба­сын­дағы Хлоя есімді малай ел­дің аузын­дағы сөзді тыңдау­ды сүйеді. Бірде қыздың осы қы­лығын қойдыру үшін қожайын құлағын кесіп алады. Хлоя бірде өш алу ниетінде у қосып бәліш пісіреді. Өкінішке қарай, оны ге­нерал жемей, өзге отбасы түгел жеп, өмірмен қоштасады. Содан бастап шаңырақтың шайқалуы, елестің кезуі басталады.

«Дом Берии» (Тунис елшілігі, Мәскеу)

Ғимарат Мәскеудің орталы­ғында орналасқан. Бір кездері мұн­да Лаврентий Берия тұрып­ты. Одан көшеде жүрген кез кел­ген сұлу қыз қорқады екен. Берияға жолыққан бикештер жо­­­ғалып кететін көрінеді. Ал жер­гілікті жұрт осы ғимарат маңы­нан көзге көрінбейтін кө­лік жүретіндігін талай мәрте бай­қапты. Тіпті қыздардың шың­­­ғырған дауыстарын да ес­тіген.
Қазіргі Тунис елшілігі де ғимараттан түрлі құжаттардың жоғалатындығын байқапты. Тіп­ті Берияның өзі де жүретін көрінеді.

Стивен Кингтің кітабы бойынша түсірілген Стэнли Кубриктің «Сияние» деп ата­латын триллері - өте қор­қынышты фильм. Ол суреттегі The Stanley Hotel қонақ­үйінде түсірілген. Ғимараттағы дау аспазшының айғайынан соң шыққан. Ол ешкім жоқ кезде де әлдекімдер той-томалақ жа­сап жатқандай дауыстер есті­летіндігін қонақүй басшы­ларына жеткізген. Алғашында бұған сенбегендер кейіннен көп нәрсеге куә болған сыңай­лы. Сондықтан елесті қууға ша­ра қолданған.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста