Әбу Һурайрадан: Пайғамбарымыздың (с.а.с) «Сүрдің бірінші үрленуі мен екінші рет үрленуі арасында қырық уақыт бар», &ndash деген хадисін жеткізеді.
⠀
Сонда сол жерде отырған сахабалар: «Уа, Әбу Һурайра, қырық деген не? Қырық күн ба?», &ndash деп сұрайды.
⠀
Бұған Әбу Һурайра: «Нақты ештеңе айта алмаймын», &ndash дейді.
⠀
Отырған сахабалар да: «Әлде қырық жыл ма?», &ndash деп сұрайды.
⠀
Әбу Һурайра тағы да: «Ештеңе дей алмаймын», &ndash деп жауап береді.
⠀
Сахабалар тағы да: «Әлде қырық ай ма?», &ndash дейді.
⠀
Бұған да ол: «Ештеңе айта алмаймын», &ndash дейді,
⠀
сосын хадисті әрі қарай жалғастырып: «Осы уақыт ішінде адамның құйымшағынан
басқа барлық жері шіріп, жоқ болады. Бұдан кейін қайта жаратылу басталады.
Бұл жаратылыс адамның осы құйымшағынан басталады. Сосын Алла Тағала көктен жаңбыр жаудырады да барлық адамзат өсімдіктер секілді қайта жан бітіп тіріледі», &ndash дейді.(Бұхари, Мүслім).
⠀
Демек, әр адамның құйымшағы өзі жайындағы барлық ақпаратты тасыған бір «чип». Адамның Қияметте қайта жаратылуы осы бір «чиптен» басталмақ. Әрине, Алла Тағаланың адамзатты қайта жаратамын десе, бұл құйымшақсыз-ақ жаратуға құдіреті жетеді. Алла еш нәрсеге мұқтажсыз.
⠀
Қасиетті Құранда Алла Тағала былай дейді: «Адам баласы: «Мен өлгеннен кейін қайта тірілемін бе?», &ndash дейді. Әуел баста өзін жоқтан бар етіп жаратқанымызды адам баласы ойламай ма?» (Мәриям 66-67.)
⠀
Адамның омыртқа сүйегінің соңғы бөлігі жылдап топырақта жатса да, қатты отқа ұстап күйдірсе де, сүйекті ерітіп жіберетін химиялық ерітіндіге салса да еш жойылмайтын бөлігі екен. Бұған көптеген ғалымдар зерттеулерін жүргізген. Ғылыми дәлелденген екен.
⠀
«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Адам баласының барлық жерін топырақ жейді (яғни, шірітеді). Тек құйымшақ қана шірімейді. Адам құйымшақтан жаратылған және содан қайта құрылып, қайта жаратылады», ­&ndash дейді (Бұхари, Мүслім).
⠀
Алланың құдіреті шексіз!!!
 
Надира Тынышбек Қызы
Фейсбуктегі парақшасынан