Адам жанының салмағы...
Жапон ғалымдары қолдарында бар жаңа технологиялар көмегімен адам жанының салмағын өлшеп шығарғандарын айтып отыр. Және олар адам жанының салмағын екі тәсіл бойынша анықтаған.
Жанның салмағын анықтаудың ең қарапайым жолы адамның өлгенге дейінгі және өлгеннен кейінгі салмағын дәлме дәл есептеп шығару болса, ал екінші нұсқасы адамның жүрегі тоқтаған сәтте арнайы бейнекамера көмегімен денеден бөлініп шығатын рухтың ауадағы салмағы өлшенген.
Жапондардың есебінше, адам жаны кісінің тірі кезіндегі салмағына байланысты 3-9 грамм аралығында болады екен.
Адам жанының салмағы осы аралықта болатынын АҚШ, Литва, Швейцария ғалымдары да түрлі жолдармен дәлелдеп шығарған.
Алайда олардың жанның түсіне, кейіпіне қатысты пікірлері әр түрлі.
Мәселен, кейбір ғалымдар бойында күш-қайраты көп болған жас адам жанының түсі ақ болады десе, ал екінші жақ ақ түс адамның жасынан бұрын ішкі жан-дүниесінің тазалығына, қадір-қасиетке байланысты болатынын айтып отыр.
Олардың пікірі бойынша, адам жаны ақ, қара, сары, күлгін, қызыл және жасыл болып өзгеріп тұрады екен.