Жаңа байығаннан қарыз сұрама
Сәбет үкіметі уағында мәшинеге екінің бірінің қолы жетпейтін еді ғой. Ал, Жигулидің 06 моделінің қаны жерге тамбайтын кез болса керек. Сол кездері бір ағамыз осы мәшинені тізгіндепті. Жаңа машинаның қызуы басылмай, ауылдан Шымкентке қарай жол тартыпты. Ауылдан шыға берісте бір апамыз қол көтеріпті. Ағамыз машинасынан түсе сала: "Апа, қол көтерсеңіз Мәскібіштер жетпей ме сізге? Маған қол көтергеніңіз не? Қарамайсыз ба, бұл "Жигули" ғой" - деп апамызға ұрсып-ұрсып, бетіне айтып-айтып тастап, машинасына отырып кетіп қалыптыыыы.
Ты-ты: Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе жанына қоңсы қондырмас.
Жаңа байығаннан қарыз сұрама.
Ержан Таліп
Facebook-тегі парақшасынан
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу