Жалқаумын дегенше "Арсызбын" деп айту дұрыс болады

Көп адамдардар "Жалқаумын" деп жеңіл айтады, бірақ оны бір "Жаман, құдай атқан қасиетім екен ау" деп ойламайды.
Жалқаумын дегенше "Арсызбын, Қайыршы болуға лайықпын, Қорқақпын, Наданмын, Ақылсызбын, Арсызбын, Ұятсызбын" деп айту дұрыс болады.
Абай атам айтқан:
“Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.
Әуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшінші — залымдық. Надандық — білім, ғылымның жоқтығы. Дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады.
Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді...».
Жалқаулығы басым адамның рухы сынғыш келеді. Еріншек адам пайдалы іске қол сілтегіш келеді. Ақыл иесі адам үшін мұндай деңгейге түсу хайуандық деңгейге түсумен бірдей.
Жалқаулық – жақсылық атаулыдан мақрұм қалу мен сәтсіздіктің басты себебі. Жалқау адам игілік пен қадір-құрметке жете алмайды және дүние пайдасынан да құр қалады.
Ахметбек Нұрсила
Facebook-тегі парақшасынан





