Үш тілдік білім беру жүйесіне қатысты маңызды 10 дерек

1. Білім және ғылым министрлігі бұл жүйеге 2019 жылдан бастап көшеді. 2019 жылға дейін білім саласында ешқандай өзгерістер болмайды.
2. Үш тілде оқыту жүйесіне сәйкес еліміздің барлық мектептеріндегі оқушылар 7 сыныпқа дейін ана тілінде оқиды. яғни, 13-14 жасқа толғанша толығымен ана тілінде оқитын болады.
3. Тек 7 сыныптан бастап оқушылар дүние жүзі тарихын аптасына 1 сағат орыс тілінде оқиды. Есесіне орыс тілі мен әдебиеті пәндері біріктіліп, жүктемесі 1 сағатқа қысқаратын болады.
4. Ағылшын тілі 7сыныпқа дейін бұрынғысынша пән ретінде ғана оқытылады. Ағылшын тілінен басқа пәндер оқушылардың ана тілінде оқытылады. Ал, 7-9 сынып аралығында ағылшын тілі пәніне қосымша ретінде сағаттар қосылады. Ол сағаттар оқушылардың ағылшын тілін ойындар арқылы үйретуіне жұмсалады. Демек, дүние тарихы пәнінен басқа пәндер 1-9 сынып аралығында оқушылардың ана тілінде жүргізелетін болады. 9 сынып оқушысы бұл кезеңде 15-16 жасқа келетінін ескерсек, қазақ тіліне төніп тұрған қауіп жоқ деуге болады.
5. Оқытудың жоғарғы сатысында, яғни 10-11 (12) сыныптарда информатика, биология, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады. Дүние тарихы орыс тілінде оқытылады. Бұл жерде дене шынықтыру пәнін есептемегенде қазақ тілінде өткізілетін пәндердің үлес салмағы 70 пайызды құрайды.
6. Математика пәні сыныптарына қарамастан (1-11 сынып аралығында) оқушылардың ана тілінде оқытылады.
7. 2019 жылдан бастап барлық пәндер бойынша оқулық мазмұны өзгертіледі. Оқулықтар мейлінше жеңілдетіле түсіп, баланы бейініне қарай оқытудың жүйесі толығымен қалыптасады.
8. Министрлік 2020 жылдан бастап мектеп түлектерінің барлығын қазақ тілінде сөйлетуді көздейді. Осыған орай, оқу жоспарына сәйкес, пәндердің 70 пайызын қазақ тілінде оқыту көзделген.
9. Биылғы жылы үштілдік оқыту жүйесіне арнайы дайындалған 3500 түлек жоғарғы оқу орындарын тәмамдайды. Бұл көрсеткіш 2019 жылға дейін 3 еселеніп, барлығы 30 мыңға жуық түлек үш тілді оқыту жүйесіне дайын маман болып шығады. Кадр мәселесі 2012 жылдан бастап қолға алынған.
10. Бұрыннан сабақ беріп жүрген ұстаздар 2019 жылға дейін Назарбаев мектептері, Назарбаев Университеті, Катев қоры, Өрлеу орталықтарында білімін жетілдіретін болады. Білімін жетілдіру кезінде ағылшын тілінің бастауыш сатысынан бастап білім алады. Ал, 10-11 сыныптарда толығымен ағылшын тілінде өтетін 4 пән үшін 2019 жылы 30 мың маман дайын болатындығын ескеру керек. Демек кадр мәселесі шешіледі. Сондықтан сабақ беріп жүрген ұстаздардың ешнәрсеге алаңдауына негіз жоқ. Олар 10-11 сыныптарға химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде өткізе алмаса да 7-9 сыныптарға аталған пәндерді қазақ тілінде өткізе алады. 10-11 сыныптардың химия, физика, биология, информатика пәндерін жоғарыда айтылған 30 мың маманның біреуі оқытуы мүмкін. Сонымен қатар, сағат саны азайып қалады деуге де негіз жоқ. 2019 жылдан бастап ұстаздардың сабақ бергеннен тыс уақытындағы жұмысын есепке алу мәселесі қарастырылып жатыр.

Нұрсерік Жолбарыс
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста