Ұрғашының жаратылысы ерекше екеніне кейде таңғаламын ...

ӘЙЕЛДЕР-Ай, ӘЙЕЛДЕР...

Балабақшадағы ұлымның жаңа жылдық кешіне барып қайттым. Барлық бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті. Сондағы байқағаным, ұлдарға қарағанда қыздар ширақтау екен. Ұлдар ары кеткенде екі шумақ таппақ жаттаған. Оның өзін былдыр-былдыр етіп әрең айтады. Тым самарқау. Жан-жақтарынан қаумалап тұрған ата-аналарына жалтақ-жалтақ қарап, алаңдай береді. Қыздар 4-5 шумақтан тақылдап тұр, сосын балалар қойған шағын ертегілік көріністе қыздар жан-тәнімен беріле ойнады. Өздерін тым еркін сезінеді. Бірінен-бірі асып түскісі келеді.
Баяғыда біздің үйдің ешкілері жыл сайын егіз лақ табатын. Соның біреуі ұрғашы, біреуі еркек болса, ұрғашысы туыла салысымен енесінің емшегіне жабысып, аз уақытта секеңдеп ойнап, мал болып кететін. Еркегі міндетті түрде әлжуаз болып туылады. Не емшек ембейді, не орнынан тұра алмайды. Көзін жұмып, басын төмен салып, дір-дір етіп жата береді. Амал жоқ, алғашында бөтелкеге соска кигізіп сүт беріп, күншуаққа шығарып денесін қыздырып, әрең дегенде төрт аяғынан тұрғызатынбыз. Әрине, теңеуім дұрыс та емес шығар. Бірақ, ұрғашының жаратылысы ерекше екеніне кейде таң қаламын да...
Қайбір күні нағашыларымды үйге соғымбасыға шақырдым. Көрмегелі көп болып еді. Түн ішінде қонақтар қайтар кезде келіншегім шифонердің ішіндегі дүниелерді қопарып, өзінен-өзі әлекке түсіп кетті.
-- Не болды? Жай ма? – деймін ғой.
-- Ой, қайбір жылы осы кісілер үйіне шақырғанда нағашы апа сөмкеме таза мата салып еді. Мен де бірдеңе салмасам ұят болар, -- дейді.
Сөйтіп, нағашы апамыздың иығына жүн орамал жапты. Сонда ойлаймын да, қайбір жылы қонаққа шақырып, сөмекеге не салғаны түгілі, кеше ғана той өткізіп, құдалардың тойға қанша ақша әкелгенін ұмытып қалып жатамыз. Ал, әйелдер ұмытпайды екен. Ойпырмай, сөмкенің ішіндегі екі метр матаны осы уақытқа дейін ұмытпай, миының бір түкпірінде «сигнал» беріп жүргеніне таң қалдым да...
Кейде бір ағайын-жекжаттардың әйелдерінің есімдерін, тіпті түр-тұлғасын есіме түсіре алмай келіншегімнен сұрайтыным бар. Сонда ол не дейді десейші...
-- Ой, былтыр қайнағаның баласы үйленгенде, соның тойында ортада билеп жүрді ғой..
-- Қайсысы?
-- Ой, үстінде қызыл көйлек, құлағында салпыншақ алтын сырғасы бар, екі қолында екі алтын жүзігі бар сары келіншек ше?
Адамның түр-тұлғасын есіңе түсіре алмай тұрғанда ол келіншектің қызыл көйлегін, құлағы мен қолындағы алтындарын есіңе түсіре аласың ба? Әй, қайдам... Бұл тек әйелдерге ғана берілген қасиет шығар, сірә...
Баяғыда Ерсұлтан Әмірбек екеуіміз Таразда есікпе-есік көрші тұрдық. Әйелі Айжан мен келіншегім Гүлнар екеуінің азаннан кешке дейін әңгімесі таусылмайды. Ол кезде офисім үйде болатын. Зал тамда жазу стол бар. Сол столға барып отырғаным жұмысқа барғаным болып есептеледі. «Жас Алаштан» жігіттер «Алло, Ореке, үйде отырсыз ба, жоқ, жұмыста отырсыз ба?» деп телефон шалатын. «Негізі үйде отырмын, бірақ, қазір тоқтай тұр... жұмысқа барып алайын» деп, зыр жүгіріп зал тамға келемін.
Сонда үйге Айжан жеңгей келеді ғой. Жай келмейді. Жай келе салса, сәні болмай қалады ғой деймін. Кастроль ме, табақ па, жоқ, әйтеуір, бірнәрсе сұраған сияқты болып келеді. Әйтпесе, өздерінде бәрі бар ғой. Келіншегім де қашан көршінің төбесі көрінеді деп үздігіп күтіп отырады. Содан екеуі асханаға кіріп алып, әңгімені жібереді.
Анда-санда әңгімелерінің шет-жағасын естіп қаламын. Бір жағы асхана мен зал тамның арасы тым жақын. Бәрі естіліп тұрады. Байқағаным, бұларға тақырып табу тіптен қиын емес екен. Көшеден сигналын ойбайлатып жол полициясының машинасы өтеді. Бітті. Тақырып табылды.
-- Қайбір күні менің інімді ГАИ ұстап алыпты, -- деп Айжан жеңгем бір әңгімені бастайды. – Пәлендей бүлдірген ештеңесі де жоқ... Түн ішінде Ерсұлтанға телефон шалды. Ерсұлтан «Анау гаишникке телефонды берші» дейді. Анау сөйлескісі келмейді... Түн ішінде жынданып, ит болды-ау...
Сонымен екеуі бүкіл полицияның бәрін жамандап шығады. Әңгіменің аяғы сұйыла бергенде көшеден қиқулатып жедел жәрдемнің көлігі өтеді.
-- Ойбай, айтпақшы, мынау көрші үйдегі апа қайбір күні ауруханаға түсіп қалыпты...
-- Ойбай, кеше ғана жүрген сияқты еді ғой...
-- Бүгін Ұлдана айтты. Түн ішінде апа қысылып қалып, балалары «скорый помощь» шақырыпты...
-- Бәсе, соңғы кездері апаның мазасы болмай жүр еді...
Екеуі медицина саласының бүкіл жаңалығын шағып тастайды. Ақырында ананы айтып, мынаны айтып, түк таппай қалғанда далада лүп етіп жел тұрады ғой...
-- Ауа-райы бұзылатын сияқты, -- деп екеуі терезеден сыртқа қарап тұрып. -- Биыл қыс ерте түседі-ау... Әлден ызғар бар...
Сөйтіп соңғы рет қашан жаңбыр жауып, қашан дауыл тұрғанын, былтыр алғаш рет қашан қар жауғанын, бәрін-бәрін қолмен қойғандай қып айтып шығады.
Екі сағатқа жақындағанда Айжан жеңгей «Қой, үйге барайын, балалар да сабақтан келіп қалатын шығар енді...» деп орнынан тұрады. Содан екеуі асханадан шығып аяқ шешетін жерге келеді. Бұл жерде де әңгімелері таусылмайды. Одан есіктен шығып, қарама-қарсы есікті кілтпен бұрап ашқанда да екеуі бір-бірін қимағандай ауыздары әңгімеден босамайды. Асықпай есікті ашып, подьезде тағы бес-он минуттай әңгімелесіп болған соң, әйтеуір, тақырыптары уақытша таусылып, екеуі де өз үйлерінің есіктерін жабады.
Содан келіншегім есікті құлыптап, асханаға енді беттей бергенде үйдің телефоны шырылдайды ғой. Тұтқаны көтерсе, Айжан жеңгей. «Ойбүй, Гүлнар, менің миым ашып, сенің кастроліңді аламын деп ұмытып кетіппін ғой. Дайындап қоя салшы... Қазір барып алып кетемін».
-- Жоқ, қоя беріңіз, қазір өзім алып бара саламын...
Ыдысты қолтығына қысқан келіншегім «Мен қазір кеп қаламын» деп көршінің үйіне зу кетеді. Содан түс ауғанша жоқ.
Әй, әйелдер-ай, әйелдер... Әйтеуір, ерекше жансыңдар ғой. Мерекелерің құтты болсын. Осындай ерекшеліктеріңмен еркектеріңді еркелетіп жүре беріңдер. Бақытты болыңдар, жандарым.

Оралхан Дәуіт
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста