Көптен бері айтайын, жазайын деп жүргенмін, қолым тимей...
 
Тележүргізуші-жылтыраған беті ғана бар адам емес. Көпшілік арасында осындай бір қасаң қағида бар.
 
Өткенде, 15 жылда бір марапат алып едім, &ldquoдайын мәтін оқитын сен қандай еңбегіңмен алдың&rdquo деген сарындағы &ldquoқұттықтау да&rdquo алдым.
 
Тележүргізуші-журналист. Қазір жылтырап, көзінің үлкендігі, сұлу-сымбаты үшін эфирде отырғандар жок. Басқасын білмедім, біздің Ұлттық арнадағы бірінші талап - мәтін жаза білуің керек, ойлайтын басың болуы тиіс.
 
Тележүргізушіге де үлкен жүк артылған. Журналистердің күні бойы жүріп жасаған жұмысын тікелей эфирде естисіздер ме, ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ миллиондаған көрерменге жеткізеді.
 
Журналист жасаған бір материалына жауапты болса, эфир тізгіншісі бүтін бір шығарылымға яғни, 25-30 материалға жауапты (эфирде қатесіз оқу)
 
*мәтіннің мәнін түсініп, оны анық-қанық жеткізу,
 
*нық оқу,
 
*камераларды шатастырып алмау,
 
*құлақтағы шуға қарамай, эфирді мүлтіксіз жүргізу,
 
*эфир сыртында отырған шеф-редактор, режиссер, ассистент, микрофон, суфлер мамандарының эфирге қатысты командасына тез реакция білдіру,
 
*кез келген төтенше жағдайға дайын болу,  сасқалақтамау тағы айта берсең жауапкершілік жетеді. Өйткені, тікелей эфир қателікті кешірмейді.
 
Эфирден кейін лимондай сығылып, түн ортасына дейін көзің бақырайып ұйықтай алмай жатуың-эфирдің қандай стрессті екенін бағамдай беріңіз.
 
Ешкімге ештеме міндетсінбеймін. Ақталмаймын да. Тек, біле жүрсін деген ойым ғана.
 
Құшақтадым, сүйдім бәріңізді
 
ПыСы: кейде жылтыраған түрің үшін өзіңді кінәлі сезініп қаласың ба, бірдеңе
 
 
 Армангүл Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан