Таяқтағы ерін сүйеп тұрған қазақ әйелі үшін жыладым

Таяқтағы ерін сүйеп тұрған қазақ әйелі үшін жыладым

Айналам, қоғамымнан асып кете алмасым анық қой. Соңғы кезде санамда хроника жүріп жатыр. Жақында бір жігіт: «Қазіргі қыздарға қиын емес қой, келін болғанда бұрынғы біздің апаларымыз секілді жоқтан бар жасап жүрген жоқ. Далада тумайды, бала туғанына да ақша алады. Кезінде ондай болмаған. Қазіргілер кір де жумайды ғой», деді.
Жақында күйеуге шыққалы хабарласпай кеткен ғұрыппаласыма звондадым. Ері қайда десе, сонда еріп кете берді. «Ауылдың баласына тимейді қазіргінің қыздары» деген біржақты пікірге нүкте қойған еді. Топта (желіде) тигеніне 2 жыл болса да көтере алмай жүргенін жазған. Сол сәтте Тәңірден тіледім, ниетіне жеткізуін сұрадым. «Асыраушысы бар, шын ниеттеніп отырғандарға неге бермейсің? Әжетханаға тастап кететіндерге, баланы жасап алып, теріс айналатын безбүйректерге неге бересің?» деп Құдайға «өкпелеп» алдым. Өткен апта қоңыраулатсам, өзі әзілқой, ақжарқын құрбым түк өзгермеген күйі: «Әй, түсіңде шошып ояндың ба?», деді. Шынында түсімде көргенімді, онда бір жаңалық барын сезіп хабарласқанымды айттым. Ол көтеріпті, аман-есен аяқ қолын бауырына алуын тіледім.
Әкемнің бір жиені ерте тұрмысқа шықты. Жастығы бар, тәжірибесіздігі бар, көп қиналды. Үй бола алмай, бір қиналды. Күйеуі дұрыс болмай, екі қиналды. Мұздақта екі қызын асыраймын деп аяғына суық өткізді. Бір бүйрегінен айырылды. Күйеуі ішу деген бергі жағы, шегіп кетті. Пәтерақы, баланы бағу (барлық жағынан), отбасыны байымен бірге асырау бір өзіне жүктелді. Апамыз қызын аяп, қайтарып алуға оқталса да қайтпады, «керісінше менің қайтпауыма көмектес», деді. Алысып жүріп, шегуін тоқтатты, арпалысып жүріп жұмысқа жекті, жұлысып жүріп жанұясын жылытты. Бірақ күйеуінің көңілі толық көншімеді. Сөйтсе, кіші қызы біразға келіп қалыпты. Ұл керек болыпты. Барын салды, жанын салды, бір бүйрегімен ұл да тауып берді.
Кеше «Мың алғыс» деген «Қазақ радиолары» ЖШС ұйымдастырған қайырымдылық концертте болдым. Жазуға барғандықтан, «қызметтемін» деген принциппен эмоцияны жиып қойып отырғам. Талай тағдыр сөз болды. Босамадым. Бірақ бір кезде орда бұзар жасқа жеткенде қос аяғынан айырылған ер азамат: «Бір арманым – аяққа тұру. Құлындарым әкесінің мүгедектігіне намыстанбаса екен деп қиналам», деген видеосы көрсетілді. Үнсізбін. Сол сәтте Қымбат апай (Досжан) хабарлап, сол адам өз аяғымен сахнаға көтерілді. Адамның арманын орындалғанын көру неткен бақыт еді. Үнсізбін. Микрофонды ұсынғанда арманы орындалған жан: «18 отаны бастан өткіздім. Соның әрбірінен көзімді ашқанда жанымда болған жарыма алғыс айтамын!», деді. Осы кезде барып босадым. Жанымдағы әріптесім арманына жеткен жанның сөзіне жылады деп ойлады-ау. Ал мен тағдыр тауқыметін тартса да жылы жымиысын жоғалтпаған, таяқтағы ерін сүйеп тұрған қазақ әйелі үшін жыладым.
Бүгін ғана сөйлескен бір келіншектің әңгімесін айтсам, тіпті ұйықтай алмай қалуыңыз мүмкін. Жоғарыдағы тізбекті тағы да толықтыра түсуге болады. Жуықта тұрмысқа шыққан құрбым хабарласқанда: «Күйеуге тиген қандай екен?», дедім. Ол: «Қалай болушы еді? Шешелердің жолын жалғайсың ғой», деді. Рас, басында айтқан санамдағы қазақ аналарының хроникасында еш өзгеріс жоқ секілді. «Тек жылдарында ғана айырмашылық бар ма?..» деген ойға келесің. Әйелдердің басындағы қиындық заманға қарай жай түрленгені болмаса, сол күйі қалғандай. Жоқ демеймін, азаматтар бар, бірақ а-а-аз. Еркектер аз деп тұрғам жоқ, азаматтар аз. Қазір көп болса, шамамен 55/45 пайыз. «Әйелдер еркектерден к-ө-ө-п емес». Енді жоғарыдағы жігіттің пікірін қайта оқып көріңіз. Әйелдерге әрқашан да «ескерткіш қоюға» себеп табылады екен. Ол үшін адамға бар болғаны жүрек керек.
Аналарға алаңдамай тұра алмаймын, өйткені оның ішінде менің де болашағым бар... Ал біреулер: «Қазіргі қыздарға қиын емес», дейді.

Айдана Шотбайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста