Шымкенттік арендаторлар, қайдасыңдар?

Шымкенттік арендаторлар, қайдасыңдар?

Осыдан он жылдай бұрын "Казправда" газетін басқарған кісінің қызық әңгімесі бар. "Бір күні редакцияға екі жігіт келді",-дейді ол. "Шымкенттен екен. Арендаторлармыз дейді. Бұйымтайын сұрадым. Біз ойланып, ақылдаса келе сіздің газеттің екі бетін арендаға алайық деп отырмыз. Қаржысын төлеп тұрамыз. Тек келіссеңіз болды дейді. Мынадай тың ұсынысты естігенде орнымнан құлап түсе жаздадым. О заман да бұ заман, басқа-басқа, ал газеттің бетін арендаға сұрағанды естігенім осы! Бұл шымкенттіктердің ойлап таппайтыны жоқ" деп ризалықпен күлген. Осы әңгімені тыңдап тұрған бірнеше журналист, біз де күлдік. Расында да ол кезде, жердің арендасы мәселесінің өзі піспей тұрғанда, газеттің бетін арендаға сұрау адамның миына сыймайтын дүние еді. Тіпті қазір де, БАҚ бизнесі дами бастаған уақыттың өзінде газеттің бетін "арендаға алу" деген ұғым жоқ. Бетін, немесе номерді тұтасымен сатып алу бар. Бірақ, ұзақ мерзімге жалға алу - жоқ. Дегенмен де, нарық тұрғысынан қарасаң - ойланатын дүние,ә? Базар экономикасымен тірлік кешіп жатырмыз. Базардың, нарықтың механизмдерін қанша мойындағымыз келмесе де, сол заңдылықтармен өмір сүруге мәжбүрміз. Оған қарсы болып қанша ышқынсаң да, саған пысқырмайды. Құр айқаймен, бос далбасамен бажылдап бір шетте қала бересің. Яғни, жол біреу-ақ - базарға ентелеп кіріп, заманауи базар механизмдерін жақсы меңгеріп, айтам дегеніңді - айтып, істетем дегеніңді - істету керек шығар?Сонда сен үркіп қашып жүрген заманауи технология сенің қаруыңа, құралыңа, мүмкіндігіңе айнала ма деймін? Ал, қолыңнан келіп жатса, заманның алдына түсіп, әлгі шымкенттіктерше бизнестің жаңа технологиясын, ұғымын, тәсілін ұсын. Әзірше, менің көзім әбден жеткен дүние осы. Сондықтан, шымкенттіктердің он жыл бұрынғы ұсынысын қатты ойланып отырмын. Не істегісі келді екен,ә? Он жыл бұрын! Қазір не ұсынар еді сол жігіттер? Тыңдағым келеді соларды.

Serik Zhanbolat
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста