Саған орыс жігіттің көз қиығын салғаны керемет бедел болды ма?

 РУДН-де оқып жүрген кезде әзірбайжан құрбым болды. Мәскеуде туып-өссе де, өз тілін білетін, ұлтының дәстүріне құрметпен қарайтын, өте ибалы, тәрбиелі қыз. Әзірбайжанда болып жатқан саяси мәселелерге жаны ауырып, уайымдап жүреді. Үлкен мегаполисте туып-өссе де, өз тамырынан ажырамаған қыздың ұлтына деген сүйіспеншілігі, адами тазалығы мені өзіне тартып тұрады. Байқағаным, Мәскеуде туып-өскен әзірбайжандардың көпшілігі ана тілін біледі. Мен бұрыннан әзірбайжан халқын құрметтейтінмін, әзірбайжан қызбен достығымыздан кейін дәстүріне берік бұл халыққа деген құрметім арта түсті.
Осы құрбыма болмысы мүлдем қарама-қайшы тағы бір әзірбайжан қызбен аз уақыт араластым. Бір күні екінші әзірбайжан:
– Маған бірге жұмыс істейтін орыс жігіт ғашық. Өзі сезімін ашық білдірген жоқ, бірақ бірге жұмыс істейтін кісілер: «Ол сенен көзін алмайды, саған ғашық» дейді. Өзім де оның мені жақсы көретінін сезіп жүргем. Енді не істейтінімді білмеймін. Мен де оны жақсы көрем, егер ол сезімін білдірсе, «жоқ» деп айта алам ба... Әке-шешем менің өзге ұлтқа тұрмысқа шығуыма қарсы, – дейді.
Жалпы көптеген қыз балалар ер адамның өзіне деген сезімінің қаншалықты шынайы екенін білмей жатып, қиялға ерік береді.
Сосын: – Виктория деген орыс қыз «Біздің жігіттер орыстың қыздарынан басқа қызға қарамайды» деуші еді. Вика енді не дейді екен? Шынында да, ортаазиялық қыздарға орыстың жігіттері қарай бермейді ғой. Ал маған орыс жігіт ғашық, – дейді қуаныштан жүзі бал-бұл жанып.
Осы кезде жүйкем сыр бере бастады.
– Сонда саған орыс жігіттің көз қиығын салғаны керемет бедел болды ма? – дедім.
Ол жауап қатпастан сөзді басқа жаққа айналдырып жіберді.
Мен бұл әңгімені не үшін айтып отырмын? Біздің қазақтың қыздарының арасында да орыс және еуропалық жігіттің өзіне қарағанын өзі үшін керемет бедел санайтындар бар. Өзін өзі төмен санайтындар өз ұлтын тек қана «төменнен» көреді. Әр ұлт, әр тіл – Құдайдың туындысы. Өз тілін сақтамаған ұлт, өзін ұлт ретінде сақтамаған ұлт Құдайдың туындысына қиянат жасайды.

Аягүл Мантай
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста