Құрсақтағы әңгіме

Құрсақтағы әңгіме

Ана құрсағындағы біреуі анасының бар екеніне сенетін, ал екінші ана деген жоқ деп сенбейтін екі егіз баланың әңгімесі.
Сенбейтін бала:
– Туылғаннан кейін өмір бар дегенге сен сенесің бе?
– Иә, әрине. Туылғаннан кейін өмір бар екені бәріне түсінікті. Біз өз-өзімізге келу үшін, және сол өмірге дайын болу үшін осындамыз.
– Бұл ақымақтық! Туылғаннан кейін қандай да өмірдің бар болуы мүмкін емес! Сен ол өмірдің қандай болатынын елестете аласың ба?
– Мен барлық детальдарын білмеймін. Бірақ ол өмір өте жарық болатынына сенемін, және біз ол өмірде өзіміз жүріп, өзіміз ауызымыз арқылы тамақ жейтін боламыз.
– Қайдағыны айтпаш! өзіміз аяқпен жүріп, ауызымызбен тамақ жеу ол мүмкін жағдай емес! Мынауың барып тұрған ақымақтық, күлкілі екен! Біз кіндік арқылы тамақтанамыз. Ешқандай да өмір жоқ туылғаннан кейін, біздің өміріміз мына кіндігіміз, біздің өміріміз өте қысқа.
– Ал мен туылғаннан кейін өмір бар екеніне сенемін. Тек кішкене басқаша болады.
– Бірақ ол жақтан ешкім, ешқашан оралмады ғой?! Туылғаннан кейін өмір бітеді! Өмір деген осы, осы қараңғылықтағы қиыншылықпен бітеді.
– Жоқ, жоқ! Туылғаннан кейінгі өмірдің қандай болатынын мен білмеймін, бірақ біз, не болған жағдайда да анамызды көреміз, және бізге анамыз қамқор болады.
– Анамыз? Ана дегенге сен сенесің бе? Сонда ол қазір қайда?
– Ол барлық жерде, біздің айналамызда. Біз сол анамыздың арқасында осында өмір сүріп, сол анамыздың арқасында қозғалып тұрамыз. Егер анамыз болмаса біз де былай өмір сүрмес едік.
– Барып тұрған ақымақтық! Мен ешқандай ананы көрген жоқпын, сондықтан да ешқандай да ана деген жоқ!
– Сенімен келісе алмаймын. Анда-санда, айнала тынышталып қалған кезде, анамыздың ән айтып, біздің әлемді сипалап, аймалағанын сеземін. Біздің нағыз өміріміз туылғаннан кейін басталатынына мен нық сенемін. Сен ше?
– Маған осы жер де жаман емес, тек шамалы жақсартып алсам орнымды, ал анау өмірде не болса сол болсын, барған соң біле жатармыз. Ал біздің әлемді сипалап, әндететіні ол біздің ішкі дүниеміздің заңдылығы.
– Бірақ бұл әлем өзінен-өзі осылай жағымды әндетуі мүмкін емес қой, сен ол әнді тыңдап көрші, Ол әннен ана махаббатын сезінуге болады.
– Махаббат деген не тағы? Осы жерде екеуміз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұдан артық не болушы еді?
– Қараңғылықта жатып өмір сүруге болады. Ал мен саған туылғаннан кейінгі жарық дүниедегі өмірді айтып тұрмын. Біз туылғаннан кейін жарық дүниені көргенде, анамызға сондай ауыртпашылық көрсеткеніміз үшін, және сол анамыздың арқасында сол жарық дүниеге келгенімізді түсініп, бар дауысымызбен жылайтын боламыз.
– Міне, анамыздың не дайындап қойғанын көрдің бе, айқай-шу, жылау... мен сол үшін алғыс білдіруім керек пе?
– Бірақ бұл бізге сондай жарық дүниеде өмір сүріп кетуімізге күш береді ғой?!
– Ой, ондай, өмір сүріп кету үшін күш жұмсап, әуреленетін өмірдің қажеті не?
– Ол жарық дүние, бізге, өмірімізді жалғастырып ұзақ өмір сүру үшін керек!
Берік Шералыұлы
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста