Қазір аузын буған өгіздей отыра бермей, осы сәтті пайдаланып қалу керек сияқты

Қазір аузын буған өгіздей отыра бермей, осы сәтті пайдаланып қалу керек сияқты

Дәп қазір Қытайдағы жағдайды пайдаланып, есі дұрыс елдер келесі қадамдарды жасайды.

Туристік ағымды өздеріне бұру үшін Қытайдың Хайнань аралында вирустан адамның көз жұмғанын, Қытайдағы тағам сапасының нашарлығын, ауаның ластанғанын қайта-қайта жазады. Мақсат Қытайды ұрғылау арқылы, туристерді өздеріне қарай бұру. Халықтың санасында Қытай туристер үшін тиімсіз әрі қауіпті ел түсінігін қалыптастыру.
Түркия, Оңт.Шығыс Азия, Еуропа, Мысыр, БАӘ елдері солай істеуі тиіс.

Осы ретте біздің елде ешқашан вирустық эпидемия болмағанын, тіпті 2002-2003-те Қытайдан шыққан вирустан әлем қырылып жатқанда, көршілес бізге жұқпағанын, қауіпсіздік пен қорғаныстың мықты екенін айтып (құлақтан тебе отырып), табиғи тамақ, таза ауа, мұрты бұзылмаған тұмса табиғат дегенді жарнамалап жіберсе жаман болмайды. Қытайды "сыйлағандықтан" мұрын астынан міңгір етсе де осыны бір жасаса дұрыс болар еді. Турист келеміз дегенше жарнаманы жасай берсек, жазға дейін туризм саласындағы туалет, асхана, интернет дегенді реттеуге болар. Әлі 4-5 ай бар. Бастысы бәрі өзін жарнамалап жатқанда, "Қазақстан" деген сөзде арасында естіліп қалуы керек. Жүз туристің үшеуі "қалай-қалай, Қаз-каз Қазақстан ба, сонда кеттік" десе норм ғой.

Қазір біраз әлемдік деңгейдегі компаниялар Қытайдағы жағдайдан кейін инвестицияны басқа жаққа құю мәселесін ойлауы мүмкін. Ну, кәлләсына сондай ой келді делік. Сол кезде сап етіп Үндістан халқының көптігін, жұмыс күшінің арзандығын айтып, Түркия, Ресей мен Оңт. шығыс Азия елдері технологияның көмегімен істей алатынын айтып, шыға келеді. Кімге инвестиция керек емес? Бәріне керек.

Сол сәтте Қазақстан да орналасқан локациямыздың тиімділігін, инвестор шығарған затты былай Еуропаға, былай Ресейге, былай Қытайға, былай Араб әлеміне сата алатын мүмкіндіктің молдығын айтып, арнайы мамандардың барын көрсетіп, болашақтықтардың табақтай дипломымен инвесторды бастан бір ұрып, көзін бақырайтып көрсету керек. Салықтан біраз жыл босатылатынын айтып, сілекейін аквариумдағы балыққа қараған мысықша ағызу лазым.

Қазір аузын буған өгіздей отыра бермей, осы сәтті пайдаланып қалу керек сияқты.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста