Қазақстан түркі дүниесінің орталығы болуы керек...

Ютубте "тюрки национал социалисты" деген аккаунтпен отыратын осы Айнар Бұран есімді түрік азаматы
"Неліктен Қазақ елі түркі дүниесінің орталығы болуы керек" деген сауал қойып оған өзі жауап бергендей бопты.
"Біріншіден, түркі халықтарының ішінде қазақ халқы ең белсенді, активный халық боп келеді.
Екіншіден, Қазақстан өзінің жер көлемімен байлығы бойынша ең бай елдер қатарындағы ел. Оны экономикалық орталық десе де болады.
Үшіншіден, қазақтарда түркілік сана тым жоғары, өзбек те, қырғыздар да түркі халықтары ғой әрине, алайда бұл халықтар бұ жағынан қазаққа жете алмайды. Олардың түркішілдігі енді өркендеп келеді.
Сондықтан осы факторды ескере отырып, Қазақстан түркі дүниесінің орталығы болуы керек, ал қалған түркі халықтары қазақтың маңында ұйысса болады.
Ол дүниенің орталық астанасы - Алматы қаласы, я болмаса Астана бола алады" депті Айнар.
"Ал Қазақ елін қорғау мәселесі бойынша айта кетсем, (яғни қорғаныс саласы), оны қорғауға 90 мың сарбаз дегеніміз аз, ол түкке тұрғысыз күш..
Қазақстанға жалпы Израиль әскери моделін енгізіп, Қазақстаннан қуатты әскери держава жасау керек" деп тағы бір ролигінде сөзін жалғапты Айнар.
Мен осы жігіттің біздің елімізге қатысты айтатын жылы пікірлеріне ризамын.
Ішім жылып қалды, контентіне жазылып үлгердім. Өзінің бір айтары бар азамат екен, құлағымды сала жүрейін.
Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан





