Қазақстан алтыны қауіпсіз жерде тұр деп ойлайсыздар ма?

Қазақстан алтыны қауіпсіз жерде тұр деп ойлайсыздар ма?

Қызық дерек: 1950ж. Жапонияның алтын резерві 6 тонна ғана болған екен. Ал, бүгіндері ол 765 тонна алтынымен әлемде алдыңғы 8 орында тұр. Дегенмен Жапонияның алтын қоры бұдан әлдеқайда көп. Өйткені оларда банктен алтын сатып алуға тиімді жағдай жасалған. Сондықтан ұлттық байлықтың қомақты бөлігі халықтың қолында, халықтың жеке мүлкі ретінде сақталуда.
1952ж. АҚШ алтын резерві 20663 тонна болған екен. Ал, 1968ж. АҚШ алтын резерві 10000 тоннадан төмен түсіпті.
Әлемде қазір 160 000 тонна алтын бар көрінеді. Олар төрт түрлі нұсқада сақталуда: 1.Әшекей бұйымдар 50.5%;2. жеке қаржы күйінде18.7%;3. Әр елдің банкінде сақталғаны 17.4%;4.Өндіріс, химия, электроника саласында қолданылғаны13.4%. Әлем елдерінің жалпы алтын қоры кезекте 32687.833 тонна.
Көптеген елдердің алтыны өз елінде емес, шетелде, әсіресе АҚШ, Франция, Англия... елдеріндегі Алтын банктерде сақталуда.
Нью-Йорк Федералды резервтік банкі әлемдегі ең үлкен алтын сақтайтын банк болып, онда әлемнің 80 шақты елінің шамамен 5000-7000 тонна алтын резерві (әлемдегі жалпы алтын қорының ширегі) сақталуда. Мысалы Италия алтын қорының жартысы Рим қаласында, жартысы осы Нью-Йорк федралды резервтік банкінде сақталуда. Бұл банк Нью-Йорк қаласы Бостандық көшесі 33 те орналасқан. Оның 12 қабатты Итальяндық үлгідегі гранит ғимаратының астында 25 метр тереңдікте (теңіз деңгейінен 15 метр терең) көп елдің алтыны жарқырай тізулі тұр. Онда 120 шақты бөлім, әр бөлімде жүздеген бөлме бар. Әр бөлім әртүрлі елдерге тән. Бірақ онда жұмыс істейтіндердің өзі қайсы бөлім қайсы елдікі екенін мүлдем білмейді.
Бірақ АҚШ алтын резервінің бәрі түгел Нью-Йоркте емес. Жартысына жуығы Кентукки штатындағы Луисвиллден ондаған шақырым алыстағы Форт Нокс әскери базасында сақталуда. Бұл жер АҚШ -тағы ең қатты қорғалатын өңір есептеледі.
Әлемдегі екінші алтын сақтайтын банк - Англия Банкі. Бұл банктің алтын сақтайтын қоймасы Лондонда болғанымен, жер астындағы орны құпия, ал оның ауыр кілтінің өзі бір метр ұзын екен)) Кілтті дәу құлыпқа салғаныңызбен де алып есік ашылмайды, сіз ондағы микрофонға құпия сөзді айтуыңыз керек.
Алтын десе жұрттың есіне бірден Швейцария банкі түседі. Бірақ ол үшінші орында тұр әрі онда сақталған алтын резерв қоры белгісіз.
Франция әлемде төртінші алтынқұмар ел. Франция банкі францияның 100% алтын резервін (2435.4 тонна) өзі сақтап отыр. Париж 1 райондағы бұл банктің жер астындағы 8 қабатында футбол майданы аумағындай (11 000 шаршы метр) жерге алтындар тізіп қойылған.
Кейбір адамдар мәлім елде өз елінің дәл сондай алтын резерві бар екеніне күмән келтіреді. Мысалы неміс Peter Boehringer Германияның шетел банкіндегі алтындары утоапия деп қарады. Өйткені немістер де, неміс банктері де Нью-Йоркте Германияның сонша алтыны бар екенін санап көрген жоқ қой. Бұл Германия секілді елдерде 2012 жылдан бастап елдің алтын резервін "Елге қайтару" қозғалысын туғызды. Неміс үкіметі қазір 2020 жылға дейін Германияның 300 тонна алтын резервін Нью-Йорктен елге қайтаруды қолға алып жатыр. 2013 жылы олар Франция банкінен 32 тонна алтынды, Нью-Йорктен 5 тонна алтынды (жоспар 50 тонна болған) елге қайтарды. Алтынды елге қайтару тек Германияның ғана емес, Голландия, Швейцария, Бельгия, Венесуэла секілді біраз елдерде де жалғасын тапты. Олар өз алтындарын АҚШ басқа банктерге кепіл ретінде пайдалануы мүмкін екенін айтады, дағдарыс пен басқа себептерден бұл ұлттық қазына кемуінен және тоналуынан алаңдайды.
Ал, жекелер қолындағы алтынның шамасы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұрады екен. World Gold Council мәлімдеуінше, үндістандықтар әлемдік алтын қорының 10 пайызын, яғни 10,000 да 15,000 тоннаға дейін алтын ұстап отыр.
АҚШ -тың ең әйгілі экономисті Кейнс айтқан болатын: "Алтынның мемлекет үшін маңызы ерекше. Ол ең соңғы бекінісің, ең қажетті кезде алып шығар қорың. Ешбір басқа нәрсе оның орнын әлі баса алған жоқ".
Ал, еліміздің алтын резерві де біршама тәуір. Қазақстан 213 тонна алтынымен (әрбір қазақстандыққа 12.53 грамм) әлемде дәл қазір 23 орында тұр.Бірақ алтындарымыздың қайда сақталғаны туралы қазірше нақты дерек жоқ.
Сұрақ: Қазақстан алтыны қауіпсіз жерде тұр деп ойлайсыздар ма? Шетелде алтын сақтау қаншалық ақылға қонымды?

Хайдар Алфи
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста