Кеше қоғамдық тәртіпті бұздым)))) сөйтсем бір полицейский, аға лейтинант жүгіріп келді қасыма, тақылдатып орысша рапорт беріп жатыр, куәлігімді сұрады. Мен оған неге орысша зарлап тұрсың қазақша білмейсің бе десем, о тоба ананың жауабы өлтірді мені.
- Аға сізді орыс екен деп қалдым-, дейді. Мыналардың фантазиясы адамды өлтіретін шығар, тапаншада қажет емес екен.
Енді күні бойы айнаға қарап есім шығып жүрмін. Мен орысқа ұқсасам, мәәәә не боп кетті өзі. Қазақша сөйлемеудің сылтауы жетеді екен ғой.
Рашид Жақсылықов
Facebook-тегі парақшасынан