Қазақ өлеңінің ұйқасын жерлеуге, жаназасын шығаруға асықпаңыздар

Қазақ өлеңінің ұйқасын жерлеуге, жаназасын шығаруға асықпаңыздар

Достарым, жақында менен "Қазақ әдебиеті" газетінен (қыз бала) өлеңдегі ұйқас туралы пікір сұрады. Әңгімеміз ұзаққа бармай, әлде қандай жайлармен үзіліп қалды. Сол әңгіме менің есіме поэзиядағы ұйқас туралы талай нәрселерді салды. Ол туралы, осы ОЙТОЛҒАҚТЫ жазғанға дейін ойланып жүрдім. Соның бір парасын назарларыңызға ұсынамын. Бірінші есіме түскені. Бір кезде орыстың мықты ақындарының қатарында саналатын Давид Самойлов деген ақын "Книга о русской рифме"атты (біздің тіл мамандары неге сондай кітап жазбасқа) кітап шығарып, соған қосымша мәлімет жинау барысында ақындарға, оның ішінде ақын Николай Старшиновқа "Считаете ли Вы рифу важным или второстепенным элементом стиха?" деп басталатын бірнеше сұрақ қояды.(мен сұрақтарды қысқартып алып отырмын) Сонда, ол оған " Считаю рифму очень важным элементом стиха. " деп жауап береді де, ұйқастың қажеттігін дәлелдейді.Ол ұзақ әңгіме. Бізге әзірге керегі, поэзияда ұйқастың қажеттілігі туралы айтқаны. Одан кейінгі сұрақ, "Каковы, по Вашему мнения, перспективы развития русского безрифменного стиха: белого стиха? свободного стиха?" деп қойылады. Менің ойымша, маған сұрақ қойғысы келген қыз да осы мәселе төңерегінде әңгіме қозғағысы келген сыңайлы. Әрине, қателессем кешірсін. Сонда, Старшинов сұрақ төңерегінде біраз әңгіме айтып келеді де, оған " Известны слова А.С. Пушкина: "Думаю, что со временем мы обратимся к белому стиху. Рифм в русском языке слишком мало". Кажется, что и Пушкин поторопился с этим утверждением. С тех пор прошло 140 лет,( жауаптан бері, яғни,қазір уақыт оданда көбейіп кетті.-А.Ә.) но пока что основ русского рифмованного стиха никому не удалось поколебать" деп жауап береді. Шынында да, орыс өлеңіндегі ұйқас қабырғасы әлі бұзыла қойған жоқ.Тек, бірлі - екілі ақындар верлибр, ақ өлеңмен жазады. Олар аз.Ал, "Қазақ әдебиеті" қызметкері қойған сұраққа мен де дәл осылай жауап беріп, тіпті, Старшиновтан да терең, қатты жауап берер едім. Орыстардың ұйқасы туралы Пушкин осылай деуін деп алып, бір екі өлеңді ақ өлеңмен, ұйқассыз еркін жазып көрген. Одан түк шықпай, ол дәстүрлі орыс өлең үлгісінде қалып, ұлттың ұлы ақыны атанды.Реті келгенде айтайын, олай Блок та жазып көрген.Бірақ, о да одан бас тартып, классик болып қалды. Ал, ағылшын ақындарын аударған Марина Кудимова болса, "Если английский язык рифмами беден (известно: их там 50 штук, и не больше) и французский, ...ну еще два-три десятка можно наколупать," дейде де, неміс поэзиясында да ұйқастың оңып тұрмағанын айтады. Достарым, әсіресе, қазақ өлеңін ұйқассыз қалдырып, оны күйреткісі келіп жүрген ағайындар, Батыс, оның ішінде Европа ақ өлеңге, верлибрге қай жетіскеннен барды дейсіздер. Ол ұзақ әңгіме, қысқа қайырғанда: Қазақ өлеңінің ұйқасын жерлеуге, жаназасын шығаруға асықпаңыздар. Ондай мақсаттағы ешкімді Батыс пен Европа үлгісі ақтай алмайды.Құдайға шүкір, қазақ өлеңінің ұйқасы әзірше таусылатындай ештеңесі жоқ, тек, соншалықты бай тілімізді өткеннің шаң-тозаңынан, топырағынан тазалап алып, қазақ қоғамының айналымына түсіріп, бай АНА ТІЛІМІЗ ретінде пайдалануымыз керек. Бізде, яғни, қазақ өлеңі ұйқасқа бай. Тіл тұтастығы үшін диалект, яғни, жергілікті анда-санда, ілуде бір кездесетін жергілікті тіл ерекшелігі дегенді елмей, сәтін, иін тауып тұтас тіл құрамында пайдалануымыз қажет.Достарым, осы мәселені үлкен мақала етіп жазбақшымын, немесе, сол "Қазақ әдебиетіндегі" қабарласқан қарындасым, не қызым маған сұрағымен келсін.Шешіліп жауап беремін. Тәмат-тәмам!

Аманхан Әлімұлы
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста