"Қазақ момын, қой ауызынан шөп алмайтын жуас" деген сөзге сенесіздер ме?

"Қазақ  момын, қой ауызынан шөп алмайтын жуас" деген сөзге сенесіздер ме?

Мен бірде Астанада Шор деген Сібір халықтарының өкілімен кездесіп сол халық туралы біраз мағлұмат алған едім.
Ол менің "біз бауырлас түркі халқымыз" деп жалпылдағаныма аса елпілдей қоймады.
Содан біраз сөйлескен соң ол былай дит:
"Негізі біздің алтай - шор халықтарының ауыз әдебиет фольклорында, қазақ деген халықтың образы өте қатыгез халықтың образын көрсетеді. Кезінде қазақтар бізді қырып жіберген еді, содан болар біздің түсінігімізде қазақ дегенде бір зұлым жауыздың образы қалып қойған" деп таңғалтқан еді сонда шор жігіт.

Татар мен башқұрт халықтарының түсінігінде де қазақ деген халық қаныпезер, қатыгездікті береді екен.
Оларда жылаған балаларын "әне қазақ келе жатыр" деп жұбатады екен немесе бір қаталдықты я асаулықты көрсе "туф мынау өзі қазақ сияқты бұзық екен" деп іш тартып қалады мыс...
Менің бір башқұрт танысым "менің бунтарь мінезіме орай жұрт мені қазақ деп атайды" деген ет. Бұларда сондай сөз бар.

Тағы бір әңгіме. 2 мың нөлінші жылдары, қырғыздар Баткен - Жалалабадта ұлтаралық жанжалда өзбек атаулыны түре қуып шыққаны белгілі.
Сонда әупірімдеп жаны қалған өзбектер, естерін жиып өздеріне келіп; "қайта бұл қырғыздар момын, артық әрекет істемейді, ал бұлардың орнында ана қазақтар болғанда бізді қойдай қырып жіберетін еді құдай сақтасын" деген екен.
Яғни, бұлардың да түсінігінде қазақтар қатыгез, мейірімсіз обьект.

Менің сұрайын дегенім, сіздер осы "Қазақ деген халық Момын, қой ауызынан шөп алмайтын Жуас" деген сөзге рас сенесіздер ме?

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста