Оқыған қыздарымыздың неге бағы ашылмайды осы?

Қазақ қыздары шетелдіктерге шыққыш дегенде түбіне терең бойлаңыз. Күні кеше Данияр Кесікбаев малайзиялық саясаткердің қызын келін қылғанда ешкім қуанбаса өкінген жоқ. Өйткені мұндайда еркектер «кәпірді мұсылман қылған сауап іс» деген әдемі желеумен өзеуретіп әкетеді әңгімені. Даниярдың қазақтың мың қызының шекесінен шертіп жүріп ішінен біреуін таңдауына жағдайы жетер еді. Өйтпеді. Махаббат қой! Бір кездері қазақ зиялыларының қандай да бір құрықтан құтылу үшін, я болмаса бір~бірінің жолын қуып, талай Валя, Галяны бақытты қылғанын да білеміз. Оқымаған деген ед қазақ қыздарын. Ал бүгін оқыған қыздарымыздың неге бағы ашылмайды осы? Бүгін тұрмыс құрып, ертең ажырасу сәнге айналды. Менің құрбыларым бар шетелдік күйеулерімен бақытты тұратын. Күйеулеріне біздің елдің азаматтығы қажет емес, визамен ептеп екі елдің арасында бірге жүреді. Өзім сияқты қаншама жалғызбасты құрбыларым бар, баламның бетінен қақпасын ешкім деп күн көретін. Оларға күйеу керек емес сияқты. Апам марқұм айтушы еді «итті қонақ жараспас» деп. Иә, біздің менталитетімізге жат нәрсе ~балалы әйел алу ұят қой. Мұның бәрін тізіп отырғаным, қыз сыйламайтын қалыпқа түсіп кететініміз бар. Соғыстан кейінгі кезеңде ұлтты сақтап қалған ~ Аналар. Қазір шашынан жұлып сабап, мүгедек бала тапса тастап кететін еркектер барын естіген сайын зығырданым қайнайды. Қыздардан сұрасаң, жігіті жоқ, жігіттерден сұрасаң, дұрыс қыз жоқ дейді. Алысқа бармай~ақ қояйын, өткенде тез шығамын ғой деп көлігімді ретсіз қойып кеткенмін. Он минуттан соң шықсам, бір еркек шырт түкіріп екі сағат күттім деп мені боқтықтың астына алды. Әйелі мен анасының алдында ұялғаным~аййй. Көрде жатқан әке-шешемді боқтатқаным үшін кірерге тесік таппадым. Егер өз күйеуім боқтаса майдай жағар ма ед деп ойладым. Соншама қадірсізбіз бе, азаматтар? Сіздер шетелдіктерден қызғанбай-ақ қастарыңызда жүрген аруларды сыйлаңыздаршы, бағалаңыздаршы, бағын ашыңыздаршы! Намысшылсыздар ғой ақыры.

Ғалия Шаудырбаева
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста