«Өлуге уақыт жоқ» деген дәрі болса...
- Мама, мына дәріні ішіп аласың ба? - дейді Рахантай қолын созып. (Әрине, қолында ештеңе жоқ, бірақ, біз осылайша ойнай береміз).
- Әкеле ғой, бұл не дәрі, ботам?
- Бұл "ауруға уақыт жоқ" деген дәрі!
- Қандай күшті, ішіп алайын.
- Менде тағы бар.
- Ол неге арналған?
- Ал бұл "өлуге уақыт жоқ" деген дәрі!
- Мәссаған, күнім, берші, көбірек ішіп алайын. Жақсы көретін адамымның бәріне берейін, cатып алайын, бағасы қанша?
- Мама, - дейді ол қуанып. - Ең аз ақша қанша?
- Бір теңге!
- Онда бұл дәрімнің бағасы бір теңге!
Осындай ізгі де күрделі ойлар қиялыңа қайдан келеді, ботам?! Бірақ, бүгін сенің осы бір сөздерің туралы ойланып отырмын.
P.S. Мама, Рахантай ойлап тапқан осы дәрінің бәрін апарып берейін саған, тек ауырмашы...
Facebook-тегі парақшасынан