"Не деген жуынды көреміз осы біз" деп ойладым да, жаман күйіндім

"Не деген жуынды көреміз осы біз" деп ойладым да, жаман күйіндім

Осы сенбі, жексенбі ішім пысқаннан түріктің бір сериалын көрдім. Ютубты аштым да, алдымнан шыққан сериалды ашып қарай бастадым. Таңдаған жоқпын. Бірден бастап кеттім көруді. Басты рөлдегі жігіт красаучик. Ұзын бойлы, денелі, көзі мойылдай, шаш пен сақал деген өз алдына бір әлем. Киген киімдері алтынмен апталып, күміспен қапталған. Үйі хан сарайындай, жалғыз тұрады. Түркияның ең мықты бір компаниясының басшысы өзі. Үйіне жұмысқа тұрған бір қарапайым қызбен махаббат басталады араларында. Қыздың рөліне де қуыршақ құсаған актрисаны алыпты. Үлбіреп қарағаны қандай, көзін мөлдіреткені қандай! Жігіт екеуі бір-біріне үзіліп қарағанда "ннннааааа-ннаааааа-нннаааанннааа" деген музыка ойнайды да, жел тұрып шаштарын желбіретіп, өздерін үлбіретіп, оооййййй енді бір ғанибет әлгі жерде. Өтіп жатқан оқиғаларды айтсайшы. Ертегі кәдімгі. Таза ертегі. Миыңды айналдырып, елітіп, ерітіп әкетеді. Зомби құсап отырасың ютубқа тесіліп. Жасың қырыққа келсе де, ертегі қарап.... Мен осы сериалды көріп отырған кезде үйде теледидар қосылып тұрды. Келесі бөлмеден дауысы анық естіліп тұрды. Орыстың бір сериалы жүріп жатыр. Зона, менты, банда деген әдеттегі орыстың дүниесі. "Б...дь", "Ты ш...ва", "Да я тебя в...." деген сөздер бір тоқтаусыз айтылды ғой. Бір-бірін өлтіріп, қырып жатыр. Әйелі де, еркегі де ағып тұрған боқауыз. бір жас жігіт подставамен түрмеге түсіп қалады да, содан шым-шытырық басталады. Деревнядағы өмірлері де, қаладағы өмірлері де тәртіпсіз, бетімен кеткен әлгі сериалда. Көз алдымда түріктің қисынсыз, ертегі, мәні жоқ киносы, құлағымда орыстың тәртіпсіз киносының дауысы... Бір сұмдық болдым. "Не деген жуынды көреміз осы біз" деп ойладым да, жаман күйіндім. Намыстандым. Өзімнің осы отходты қарап әрі тыңдап отырғаныма. Бір кезде, қайсысы екенін білмеймін, біреу компьютерді қосып, ән қойды. "Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ, қаааайдаааа", "Қимааай тұрмын, қимааай тұрмын"... Жүйкеме соңғы соққы осы болды. Шытынап кетті миым, қаным басыма шапшыды. Демалыс осылай өтті. Уф.

Марал Киокушинкай
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста