Мына түрімізбен ел болмаспыз...

Декретпен миллион деп заңдағы лазейканы пайдалану дұрыс емес десем, нең бар біреулер сол арқылы ақша тауып жатыр дейді. Грузиядан 5 миллионға 2023-те көлік әкеліп 2022-мен 500 мыңға рәсімдеп 11 миллионға сатып жатыр екен десем көре алмай жатсың ба дейді. Нені көре алмаймын? 5.5 миллиондық көлікті 7 миллионға сатса түсінер едім. Бәрібір сол баға. Екі ортада алып сатарлар мен жемқорлар қызығын көруде.
Көп адамдар соларды ақтап жатыр. Мына түрімізбен ел болмаспыз. Заң бәріне ортақ болу керек. Одан да декретке ушлыйлар ғана көп алмайтындай, басқалардың да көбірек алуын талап етейік. Көлік бәріне арзан болсын. Маған сәл ыңғайы болады екен деп заңсыздық жасай берсек жемқорлардан айырмашылығымыз қалмайды.
Жұмыс жасамай декретке шығып 1 миллион алатындай жасасаң орташа айлықты көбейтесің. Орташа кәсіпкерлер санын көбейтесің. Бюджеттен ақша алады. Осыны жасайтындар да алаяқтар меніңше. Көп адамдарда салықтан жалтару деген түсінік бар. Бір діндәр адамды білетінмін. Ананын тауар айналымы меніңше НДС төлейтіннен асады. Бірақ QR-ы жоқ. Тек перевод деп отыр. Салықтан жалтарған ақша харам ақша дегенді оқығанмын. Шетелде ондайларды түрмеге қамайды. Біз қазір оларды да ақтап алатын түріміз бар. Ошым өзіміздің ыңғайымызға келсе заңды бұза берейік. Ыңғайы келмесе айқайлай берейік болып тұр ау.
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан





