Кез келген саналы адам өзіне «Осы өмірге не үшін келдім? деген сұрақты қоюы заңды

Кез келген саналы адам жасы 30-дан аса бастағанда «Осы өмірге не үшін келдім? Өмірдің мәні неде?» деген сұрақты өзіне қоюы заңды ғой.
⠀
Мені де жасым 30-дарға келгенде осы сұрақтар мазалай бастады. Осы сұраққа жауап іздеу мені Толстойға алып келді.
⠀
Ақылманның «Исповедь» «Наука о том как жить» «О жизни» деген шығармаларын оқи бастадым. Ғылымдардың ішіндегі адам баласының білуге тиіс ең басты ғылымы: Қалай мейілінше азырақ жамандық және көбірек жақсылық жасап өмір сүру. Л.Н. Толстой өмірінің соңында өкінбейтіндей өмір сүру үшін әр адам Аристотель, Әл-Фараби, Толстой, Махатма Ганди, Абай, Шәкәрім тағы да басқа философтардың еңбектерін оқып отыруы абзал.
⠀
Ал, жасым 50-лерге келгенде мынандай өлең жазған едім: Әні бар
⠀
Қонақпыз бәріміз өмірге мынау кетерміз,
Алысып жүріп, жұлысып жүріп өтерміз.
Бабалар кеткен жайына сонау мәңгілік,
Келгенде уақыт кезекпен біз де жетерміз.
⠀
Қайран өмір-ай
Талайдан қалған өмір-ай,
Жол тауып, кейде адасып
Әуреге салған өмір-ай.
⠀
Өлместей мәңгі дүние боқты жинаймыз,
Таптырмай тыным шыбында жанды қинаймыз.
Ағайын-туыс, дос-жаран кейде алыстап,
Қал-жағдай сұрап, білуге уақыт қимаймыз.
⠀
Қайырмасы:
⠀
Өмірің кейде көрінер ұзақ бітпестей,
Жағылған шырақ тұрардай мәңгі өшпестей.
Қас қағым сәттей көрінер кейде құрғырың,
Кетсек-ау шіркін фәниден мынау өшпестей.
⠀
➖ Кейінгі жылдары бірінші шумақты өзгерттім:
⠀
Қонақпыз бәріміз өмірге мынау кетерміз,
Сыйласып жүріп, сырласып жүріп өтерміз (деп)
Бабалар кеткен жайына сонау мәңгілік,
Келгенде уақыт кезекпен біз де жетерміз.
⠀
Толстойдың бір сөзі жадымда мәңгі жазылып қалды «Өмірдің мәні адамдарды сүю және жақсылық жасау». Жалт етіп өте шығатын қып-қысқа ғұмырда шама жеткенше ар сақтап, жақсылық жасап өмір сүруге тырысып жүрмін. Қалай болып жатқанын, қалай болатынын уақыт көрсетеді.
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан





