Егер еркек кіндіктіге еркіндік беріп, оның құқын сыйласа, ол өзі де ризашылықтан, жауапты сыйластықтан әйелдің дегенін орындап береді. Еркектер оңбаған емес, оларға тек адам сияқты қарай білу керек. Еркек әйелдің алдында ештеңеге қарыздар емес. Ал, әйел еркектен бір мысқалда әлсіз емес. Ер мен әйел әр түрлі, бірақ тең.
Әйел еркек үшін жан досы, көмекшісі, шабыт сыйлаушы бола алады. Егер осы бағытта жетілуге мүмкіндік жасалса. Бар қайғы-мұңды әйелге арқалата бермей, еркек атаулы жауапкершілікті сезінсе де жеткілікті. Еркекке тән еркіндік пен дербестігін қорғай алуы шарт.
Бірақ ер азаматтар тек ләззат алсам дейді. Міне, осы ойдан аттап кету керек. Өйткені, балалық әдеттен бас тартса, ересек қарым-қатынаста ләззат алу әлдеқайда керемет болатынын білмейді.
Шынар Әбілдә,
Facebook-тегі парақшасынан
Еркек әйелдің алдында ештеңеге қарыздар емес. Ал, әйел еркектен бір мысқалда әлсіз емес
Последние статьи автора