Дұрыс шешім қабылдау үшін міндетті түрде адам өлу керек пе?!
Біздің заңдар қызық.
Бір әрекет үшін әкімшілік те, қылмыстық та іс қозғауға болады. Бірдей баптар екі Кодексте де болады. Заңгерлер арасында “Адм.Кодекс-младший брат Уголовного Кодекса” дейтін әзіл-шыны аралас сөз бар. Осындай ұқсастықтан туған сөз болса керек.
Екі Заң да - көп кездесіп, көп қолданатын басты заңнамалардың бірі. Осы екеуінің ара-жігін ажыратып, жеңілдеуін әкімшілік заңға, ал кешегідей шектен шыққан, әсіресе қоғамдық орында елге үлкен қауіп тудыратын әрекеттерді қылмыстық заңмен саралау керек. Әйтпесе, бұл-таза сыбайлас жемқорлыққа әдемі лазейка. Анадан пара алдың немесе танысың, жоғарыдан звонок болды дей алмайды, ешкім. “Заңға қайшылықты қайдан көріп тұрсыз? Ол баптар Әкімшілік Кодексте де бар” - деуге әдемі сылтау.
Әкімшілік Кодекске мелкий бұзақылық, жасөспірімдердің кішігірім төбелесі(ешкім дене жарақатын алмаса) көшеге түкіру, қақыру деген сияқты жеңілдерін ғана қалдырып, қалғандарын Қылмыстық Кодексте қалдырып, не ауыстырып, әсіресе кешегідей серьезный жағдайлар орын алғанда, қылмыстық заңнама нормаларымен саралау керек деп ойлаймын. Сол күйде адам қағып, не ұрып өлтіруін күтеміз бе, қатаң жаза қолдану үшін? Бізде бір дұрыс шешім қабылдау үшін міндетті түрде адам өлу керек пе?!.
Lyazzat Akhatova
Фейсбуктегі парақшасынан