Табысқа жетудің қыр-сырын үйрететін психологиялық кітаптардан "өмірде жолы болмаған, бақытсыз, көңілсіз, тұнжыр адамдардан аулаңды барынша аулақ сал, айналаңды тек жеңімпаздармен толтыр" деген сыңайдағы ақыл-кеңестерді жиі кездестіремін. Ары ойлап, бері ойлап, дәл осыған келісе алмай-ақ қойдым. Біржақты материалистік құндылықтарға бой ұруға үндейтін барып тұрған эгоистік пайым-түсінік деп білем.
Рауан Сәбитұлы
Facebook-тегі парақшасынан