ТIЛ МӘСЕЛЕСI...
Тiл мәселесiне келетiн болсақ, орыс халқынан үлгi алыңыздар. Олар бiр-бiрiмен өзге тiлде сөйлеспейдi. Өз тiлiнiң мүддесi үшiн күресе бiледi.
Ал, бiз өз ана тiлiмiздiң мүддесiн қорғауды бiлмеймiз. Арамызда, қазақ тiлiнде сөйлеуге намыстанатын, өзге тiлде сөйлегендi артық көретiн тәрбиесiздер де бар. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда қазақша сәлемдесудiң орнына, өзге тiлде сәлемдесетiн, өз ұлтының мүддесiн ойлай бiлмейтiн намыссыз қандастарымыз да жеткiлiктi.
"Қазақпен қазақ, қазақша сөйлессiн", деп, Елбасының өзi де айтты емес пе?
Тiлi дамымаған елдiң, болашағы да жоқ.
Осыны ескерiп, балаларыңызды, ағайын-туыстарыңызды жөнге салыңыздар, бауырлар!
Дауренбек Нысанов
Фейсбуктегі парақшасынан