Ауылда кім 3-пен әзер мектеп бітірді, солар мұғалім болып жүр

Ауылда кім 3-пен әзер мектеп бітірді, солар мұғалім болып жүр

Көрмейін десең көзің бар...
Ол кеше ҰБТ-дан аз балл алып қалып, амалсыз педагог мамандығын таңдап еді. Оқуды бітірген соң өзі иттің етінен жек көретін сол жұмысты істемеуге тырысып, онда бір, мында бір жұмыс істеп көрді. Ақыры қарым-қабілеті жоғары адамдар ғана жұмыс істей алатын сол жерден қуылып, не амалсыз өзі кетіп, енді қайда барып, не тірлік істеймін деп тұрғанда, өзінің педагог екені есіне түсті де, ақшасы аз, тәулігіне 12 сағат қағаз кеміретін, директорлары жарты Құдай болып, толық Құдіретке айналуға шақ қалған, іші сөз ұқпайтын бәтшағарларға толы (өзінің ойынша) мектепке барды. Барды да, амалсыз жұмысқа тұрды. Оның қалай жұмысқа тұрған тұсы да беймәлімдеу, әлде маман жетіспей ала салды, әлде әлгі жарты құдайдың танысы, әлде сыйлығы жақсы болды. Барғанда өзінің білімсіз екені білініп қала ма деп қорқып жүрді, бірақ аз уақыт өткен соң онда да оқу ақысын төлеп, 4 жыл барып-келіп жүріп диплом алған дүбәралардың толып жүргенін көз көрді. Көрді де қуанып кетті. Дәл осы сәттен бастап еңсені тіктеп, жұмысқа түбегейлі кірісті. баланы оқытуға емес, директорға жағынатындар мен оған қарсылардың, және үшінші бір ескіден келе жатқан мұғалімдер тобының біріне кіріп кетті де, таусылмайтын дау, күндестік, ананы өсектеу, мынаны жамандау сынды істерден қолы босамай жүр. Бала қайда қалды дейсіз бе? Бала өз бетімен лағып кеткен. Басынан қаып көрсеңіз даңғыр-даңғыр етеді, еш білім жоқ. Ал әлгіні жұрт мұғалім дейді. Әке-шеше тірліктің көтінде жүр жегіліп, қайырылуға мұрша жоқ. Жылдың алты айында қалаға қатынап, әлде "жасыл орман", әлде "жасыл аймақ" дегенде жұмыс істейді, қалған жартысында не жарытпайтын, не үйден аттап бастырмайтын 1 сиыр, 10 қойдың астын қырумен өтіп жатыр. балаға қарайтын ешкім жоқ. Бұл менің ауылымдағы жағдай.
Байқап отырсам, ауылда кім 3-пен әзер мектеп бітірді, солар қайтып келіп, мұғалім болып жүр сол жерде. Соған қарағанда бүгінде кім бәсекеге қабілетсіз және кім білімсіз, солар мұғалім бола салатын секілді. Қалада қалай екенін білмедім!

Ербол Жанат
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста