"Астанаға барам да, бір шенеунікті ұстап алам" деген арам ойдан арылайық, қыздар, құрбылар, сіңлілер!!!
Ақкөңілдің "қазақшасы" лох дейді. Расында қазір қоғам үшін арлы адам сорлы адамға айналып бара жатқандай. Себебі арды бірінші орынға қоятын ер азамат үшін қарындас, әпке, апа деген ұғымдар бар, яғни, ол етекті көрсе еліріп, құмары қозып шыға келмейді. Ол бір, екіншіден, арам жолмен ақша табуды көздемейді. Ал арлы қыз бала жеңілтек жолға түспейді, "мен сені көтерем, өйтем, бүйтем" дейтін қарны жуандардан аулақ жүреді, тіпті сол үшін қызмет бабында көтеріле алмай жүруі де әбден мүмкін. Ал арсыз қыздар керісінше сондай адамдарды өзі шырақ іздеп жүріп тауып, көңілдес боп, бір бала тапқан соң кешегі төбесінде ойнап шыға келеді. Шыны керек, қазір екі қыздың бірінің арманы - баааай біреудің панасында күн көріп, қымбат көлік мініп, хан сарайындай үйінде отыру. Не важно оның әйелі, бала-шағасы бар ма, ел не дейді, баласы некесіз туа ма... Бірақ, көрдіңіздер ғой, арсыздықтың соңы қандай абыройсыздыққа ұрындыратынын. Так что, "Астанаға барам да, бір шенеунікті ұстап алам" деген арам ойдан арылайық, қыздар, құрбылар, сіңлілер!!!
Мәриям Әбсаттар
Facebook-тегі парақшасынан