ТОР-10. Ең жас миллионер футболшылар

ТОР-10. Ең жас миллионер футболшылар

Рахим Стерлинг, 21 жаста — 23 млн доллар

Рахим Стерлингтің «Ливерпульден» «Манчестер Ситиге» өтуі ұзап кеткенін көзі қарақты жанкүйер жақсы білер. Рахим «мәселе тіпті де ақшада емес» деп дес бермеп еді, әйткенмен сайып келгенде жалақысы 10 есе артты. Қазір Стерлинг аптасына 200 мың фунт алады. Қазірге дейін жинағаны – 23 миллион АҚШ ақшасы.
Матиа Настасич, 22-де — 24 млн евро

Шейхтарға риза тағы бір жас футболшы Матиа АПЛ жұлдызы бола алмады. Қазір қарапайым ғана «Шалькеде» өнер көрсетеді. Дегенмен «МС» сапында үш жыл қатарынан аптасына 100 мың фунт алып жүрді. 22 жасында – 24 млн евро. Епті байымайд, бақты байид деген пәлсәпәнің кері!
Маркиньос, 21-де — 24 млн евро

«Романың» экс-қорғаушысы келешегінен зор үміт күттіретіндердің бірі. Жап-жайлы келісімшартқа қол қойды. «ПСЖ» құрамында жылына 6 миллион фунт табады.
Ромелу Лукаку, 22-де — 25 млн евро

Бельгиялық хас дарын биыл «Эвертонның» намысын жырта жүріп 18 гол соғып үлгерді. Ойын өрнегіне тәнті топ клубтар оған көз қырын әлдеқашан сап үлгергені трансферлік нарықта жасырын емес. Жасындай жарқылдаған Ромелу әлі де білгенінен жаңыла қоймас деп болжайды футбол білгірлері.
Юлиан Дракслер, 22-де — 27 млн евро

Немістер үміт артқан жас жігіттің ойыны соңғы кездерде ала-құла. Дей тұрғанмен, жауапты матчтарда қарсылас қақпасынан саңылау табудың ретін кәнігі майталманша меңгерген. Юлиан білгенінен жаңылмаса алар асулары әлі алда деп білейік.
Жерар Деулофеу, 21-де — 27,7 млн евро

Топ-10 тізіміне енген «Эвертондық» екінші ойыншы. Соңғы жылдар көлемінде Жерар еңбекақысын туған клубы «Барселонадан» алатын. Қазір «Эвертонның» толыққанды ойыншысы аптасына 85 мың фунтты шіміркпестен санап алады.
Джердан Шакири, 24-те — 30 млн евро

«Бавария» мен «Интер» сияқты топ-клубта сүреңсіз ойын көрсеткен Шакиридің бұл тізімде болмауы мүмкін емес. Қазір «Сток ситидің» сапында жүріп те Джердан өзіне тән әдемі ойын мәнерімен жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап келеді.
Люк Шоу, 20-да — 50 млн евро

16 жасынан бастап кәсіби деңгейде ойқастап жүрген Люк «Саутгемптон» сапында сол қапталда қорғаушы болды. Бертін келе, «МЮ»-ге трансфері Шоудың жеке өзін 7 млн. фунтқа байытты. Аптасына алатын 160 мың фунтты және қосып қойыңыз…
Марио Гётце, 23-те — 55 млн евро

Әлем чемпионының еңбегі тиісінше бағалануы заңды құбылыс. Әлем чемпионатының финалында жеңіс голын соққаны және бар. Бразилиядағы мундиальге дейін де Марио жігіт өзінің осал емес екенін сәт сайын дәлелдеп бақты. «Боруссия», «Бавария» сынды мүйізі қарағайдай грандтардың талаптыларды лайықты дәріптейтіні бесенеден белгілі емес пе еді…
Поль Погба, 22-де — 60 млн евро

Әлемнің «мен» деген клубтары Погба үшін аянып қалмақ емес, қажет болса 100 млн евро төлеуге әзір деген алып-қашпа әңгімелер негізсіз емес. Теңбіл доптың хас шебері «Ювентустың» тасын өрге домалатып келеді. 2014 жылға дейін жылына 1,5 млн евро ғана алып келген Польдің жалақысы кейін анағұрлым өсті. Өскенде де қалай! Топ ондығымыздың үздігі Поль Погба, 22-дегі франциялық, жиған-тергені — 60 миллион евро.

Нұрғиса АСЫЛБЕКОВ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста