Карим Бензема мадридтік «Реал» сапынан кетеді

Карим Бензема мадридтік «Реал» сапынан кетеді

Испаниялық «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Карим Бензема маусым соңында командадан кетеді. Енді франциялық футболшы Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» командасында ойын көрсетеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, оған жылына 100 млн евро еңбекақы ұсынылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап жазды.

«Реал Мадрид» шабуылшысы биылғы маусым соңында аталған клубтан кетеді. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Футболдағы жоғары жүлденің бірі - «Алтын доп» иегері және бес дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы Сауд Арабиясында кем дегенде екі жылдай «Аль-Иттихад» клубында ойын көрсетеді. Спорттық БАҚ дереккөзге сілтеме жасай отырып, Таяу Шығыста француз футболшысына жылына 100 млн евро еңбекақы ұсынылғанын жеткізді.

 

Карим Бензема «Реал Мадрид» клубында 2009 жылдан бері үзіліссіз 14 маусым ойын көрсетті.

 

Қазір Сауд Арабиясының «Ан-Наср» клубы намысын португалиялық форвард Криштиану Роналду қорғап жүр.

 

Журналистер сол мемлекеттің Эр-Рияд қаласы атынан сынға түсіп жүрген «Аль-Хиляль» клубына аргентиналық Лионель Месси ауысуы мүмкін екенін атап өтті. Ол өткен аптада Францияның «Пари Сен-Жермен» клубымен қош айтысты.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста