Англия суперкубогы: «Арсенал» «Манчестер Сити»-ден басым түсті

Англия суперкубогы: «Арсенал» «Манчестер Сити»-ден басым түсті

«Арсенал» футболдан Англия суперкубогының иегері атанды. Лондондық клуб «Манчестер Сити» командасынан басым түсіп, кубокты төбесіне көтерді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Кездесуде командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 77-минутта манчестерлік клубтың 21-жастағы ойыншысы Коул Палмер есеп ашып, өз ұжымын жеңіске жақындата түскен еді. Оған лондондық футболшылар лайықты жауап берді.

 

Ойынның соңғы минуттарында «Арсенал» алға қарай лап қойды. Таразы басын теңестіруге ұмтылған олардың ойлағаны жүзеге асты. Олардың қатарынан Леандро Троссард 100-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

 

Осылайша ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл жолы «Арсенал» ойыншылары төрт мәрте қақпаны дәл көздесе, оған манчестерлік клуб бір ғана голмен жауап қайырды.

 

Нәтижесінде лондондық клуб 2023 жылғы Англия суперкубогының иегері атанды. Олар мұндай жоғары марапатқа 17 мәрте ие болып отыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста