«Нағыз қазақ» дәріптелген күн

«Нағыз қазақ» дәріптелген күн

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» Расында, қазақ деген халықтың жанын, рухын, таным-түсінігі мен ділін тап басып түсіну үшін оның сонау ерте замандардан бері келе жатқан күмбірлеген күйлері мен асқақтаған ән-жырларына құлақ қойып тыңдау керек. Замана сыры, уақыт үні тұнып тұрған сиқырлы әуен алпыс екі тамырыңды идіріп, сол тамырды бойлай аққан қаныңды қыздырып, рухтандырып, жігерлендірері сөзсіз. Себебі бұл – ғасырлар бойы табиғатпен етене жақын күн кешкен, даланың демін тысыр еткен желі, тау мен тасты жаңғырта шауып өткен жылқы тұяғының дүбірі арқылы түйсіне білген қазақ деген көшпенді халықтың бастан кешкен тарихы, мәдениеті, рухы. Осыны жіп-жіңішке қос ішегінен күй қылып, ән, терме, толғау, жыр етіп төгілте білген домбыраны нағыз қазақ демей, не дерсің?

Сондықтан осы бір киелі аспапты, оның сүйемелдеуімен орындалатын баға жетпес жауһарларымыз – дәстүрлі ән, күй өнерімізді қалай дәріптесек те, қалай асқақтатсақ та жарасады. Наурыздың 25-і күні Алматыдағы Республика сарайында Алматы қалалық әкімдігінің, «Қазақстан» ұлттық арнасының қолдауымен, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Майра Ілиясованың «Майра» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Алтын домбыра» атты республикалық дәстүрлі өнер фестивалі болып өтті.

Кеш шымылдығын домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай секілді сұлу сазды аспаптарды үндестіре, оған көмейімен үн қосып, қазақтың бастан кешкен қилы тарихын жырлаған «Қазақ елі» композициясымен «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі ашты. Осы сәтте Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Кенен Әзірбаев, Жәнібек Кәрменов сынды ән алыптары сахна төріндегі монитордан бүгінгі өнердің тізгінін ұстаған ізбасарларына сүйсіне қарап тұрды. Содан соң дәстүрлі өнердің батыс мектебіне кезек беріліп, Мұхит Мералыұлының «Паңкөйлегімен» ортаға атыраулық белгілі дәстүрлі әнші, бірнеше республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Қайрат Кәкімов шықты. Ол біте бере, сахнаға дәулескер күйші, ҚР Халық әртісі Қаршыға Ахмедияров шығып, Құрманғазының күйі «Қайран шешемді» төгілтті. Бір қызығы, осы күн күйшінің туған күніне тап келсе керек.

Алмас АЛМАТОВ, жырау:
– Мынау ғылыми-техникалық прогресс заманында дәстүрлі өнер иелеріне қиын соғып тұрғаны айдан анық. Оның жан-жақты себеп-сылтаулары көп. Осы тұста қазақ дәстүрлі өнерінің жанашыры болу немесе дәстүрлі өнер мен өнерпаздың басын топтап, ұйымдастыру – ердің ері, егеулінің қолынан ғана келетін, үлкен бір жауапты іс. Елімізде бұған дейін де мұндай концерттер болды, бірақ мынау қазақтың біртуар қызы, белгілі әнші Майра Ілиясованың ұйымдастырып отырған «Алтын домбыра» өнер фестиваліне артылар үміт өте үлкен. Біз өнерге бір күнде келген жоқпыз және бір күнге келген жоқпыз. Біз – мәңгіліктің қосын жегіп келе жатқан өнер керуеніміз. Сондықтан да «Алтын домбыра»  дәстүрлі өнер, оның арғы-бергі қоғамдағы саяси-әлеуметтік, рухани үлес салмағын айқындайтын үлкен қозғалыс болуы керек.

Қатимолла БЕРДІҒАЛИЕВ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері:
– Мен дәстүрлі әннің халін оншалықты мүсәпір демес едім. Көптеген музыкалық колледждер, академиялардың жанында дәстүрлі музыка оқытылып жатыр. Мені бір қинайтын нәрсе, сол дәстүрлі ән, күйлерімізді тыңдайтын құлақ, яғни халқын, оның өнерін құрметтейтін жастар азайып бара жатқан сияқты. Енді осы бастама ары қарай да жалғасып, дәстүрлі ән, күй кеңінен насихатталса. Себебі бүгінде оның насихаты аз.

Қажыбек БЕКБОСЫНОВ, әнші, ҚР Халық әртісі:
– Дәстүрлі өнерде жүрген 45 жылымда шамам келгенше осы киелі өнердің пұшпағын илеп келемін. Біз де қартайдық, енді соңымыздан ерген жастар дәстүрлі әнді өз қалпында сақтай білсе. Егер көпшілік «осы да сөз болып па, домбыраны дыңғырлатып мен де айта аламын» деп шықса, онда ұлттық өнеріміздің өлген жері сол болмақ. Ол – қазақ деген  ұлттың бір мүшесінен айырылғаны. Содан кейін кемтар халде біз қалай бүтін ұлт болмақпыз? Өйткені дәстүрлі ән мен күйде, терме мен жырда сенің бүкіл тарихың, болмысың, адами тәрбиең, болашаққа артқан үміт, сенімің жатыр. Осы жағынан алғанда, бүгінгі «Алтын домбыра» фестивалі – үлкен жұмыс. Себебі еш жерден қолдау таппаған соң, дәстүрлі өнер иелері кім қалай күн көре алады, солай күнелтіп кетті. Мінеки, сөйткен дәстүрлі өнерге сәл де болса, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да қолдау көрсетіліп жатыр.

Жас та болса, дәстүрлі ән өнерінде өзіндік үнімен, ешкімге ұқсамайтын өз мәнерімен жұртшылықты сүйсіндіріп жүрген Ерлан Рысқали шебер домбырашы, композитор Иса Байзақовтың «Желдірмесін» орындады. Мұнымен қоса концертке еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда, Оралдан – Қатимолла Бердіғалиев, Мейрамгүл Орашева, Маңғыстаудан – жас термеші, жыршы Жолдасбай Ғылымжан, Түркістаннан – Қажыбек Бекбосынов, Қорқыттың елі Сыр бойынан – Алмас Алматов, Астанадан – Қарақат Әбілдина, Талдықорғаннан Өмірқұл Айниязов сынды дәстүрлі әннің абыройын асқақтатып, туын биік ұстап жүрген дүлдүл әншілер келіп, кештің ажарын кіргізді. Өзінің мақпал үнімен Мақпал Жүнісова да көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады. Фестивальға қатысушылардың барлығына да Алматы қаласы әкімдігінің арнайы дипломы мен алтын жалатылған домбыра мүсіні тарту етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста