Қорғансызды қорғайтын басылым дүниеге келді

Қорғансызды қорғайтын басылым дүниеге келді

 

«Құқықтар мен бостандықтар жайы сөз болған жерде құқық пен бостандық жайына қалады» деген екен ұлылардың бірі. Сол айтылғандай, қазір тек біздің елімізде ғана емес, әлем елдерінде адам құқығы мәселесі алдыңғы орынға шығып, осы төңіректе күн сайын қаншама даулы мәселелер қозғалып жатқаны жасырын емес. Әлсіздің күштіден әлімжеттік көруі, ақша мен дүние үшін ардың тапталуы, «айран ішкен құтылып, шелек жалағанның тұтылуы» сынды заңсыздықтар біздің елімізде де аз кездеспейді. Оның сыртында әділет атаулыдан күдер үзіп, басына түскен тауқыметті арқалап жүргендер жайы да – қанша айтсаң да, қанша жазсаң да таусылмайтын тақырып. Сондықтан болар, соңғы жылдары елімізде құқықтық басылымдар саны да көбейіп келеді. Наурыздың 16-сы күні Ұлттық баспасөз клубында «Тағдыр-таразы» атты қоғамдық-көпшілік, құқықтық журналдың тұсаукесер рәсімі болып өтті.

0522

Қоғамымыздағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған топ: мүгедектер мен жалғыз басты аналардың, жетімдер мен жасөспірімдердің және де құқығы тапталып, жәбір көрген әрбір азаматтың қоғамдағы проблемаларын қозғап, олардың құқығын қорғауды басты мақсат етіп ұстанған басылымның дүниеге келуі тарихы тереңде жатса керек. Оның артында қоғамдағы әділетсіздіктен жапа шегіп, жарық дүниенің қаншама күндерін қараңғы қапаста өткізген әйел тағдыры да бар.

Сара Досмырза, «Тағдыр-таразы» журналының бас редакторы:
– Демография басқармасында басшы болып жүріп, мен заңсыз іске тартылдым. Сөйтіп, осы Алматыда Райымбек пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жер астындағы тергеу изоляторында, қазақша айтқанда, «зынданда» үш жыл сот үкімін күтіп жаттым. Үш жылды 365 күннен 3-ке көбейтіңіз, қанша күн? Тіпті Кеңес Одағы кезінде әйел түгілі, ер адамның жер астындағы тергеу изоляторында осынша ұзақ уақыт жатуы секілді фактісі болмапты. Мен секілді онда 100-ге жуық әйелдер жатты. Көбісі – заңсыз айыпталғандар. Содан қатты науқасқа ұшыраған соң, ең соңында әйтеуір тірі қалу үшін мен неше жылға болса да, сотталуға разы болдым. Әйтеуір ашық аспанды көріп жүресің ғой, түрмеде. Сонда өзім 2004-2006 жылдары Парламентте тіркеуден өткен журналистердің қатарында жүргенде қабылдануына қатысқан заңдарымның тәжірибесінен өттім. Мен оған өкінбеймін, себебі басыма сондай іс түспесе, бүгінгі журнал дүниеге келмес еді.

Басына түскен осындай тауқыметке төзіп, сынып кетпей, қайта өмір тәжірибесін байытқан Сара Досмырза бостандыққа шығысымен, көкейге түйгенін қағазға түсіріп, жаңа жоба жасап шығарады. Онысын жыл сайынғы түрлі гранттарға ұсынып, бірақ ешқайсысынан қолдау таппағанын айтады. Бірақ оған да мойымаған қайраткер әйел ақыры туған топырағы Атырау өлкесіне барып, облыс әкімі Б.Рысқалиевтің қолдауына ие болыпты. Осылайша «Тағдыр-таразы» журналы оқырман қолына тиіп отыр.

Кенжеғали Қаршегенов, заңгер, Алматы қалалық адвокаттар алқасының төрағасы:
– Жарық көріп отырған журналдың біздің қоғамымызға үлкен үлесін тигізетініне ешкімнің күмәні жоқ. Себебі шындап келгенде, біздің қоғамымыздың, әсіресе, қазақтілді азаматтарымыздың – заңнан сауаты аз. Заңның өз тілі бар екенін білесіздер, тіпті орысша оқыған адамдардың өзі кейде заңның бір тұстарын түсінбей қалады. Қазақшаға аударылған заңдардың баламалары дұрыс табылмағанын кездестіру қиын емес. Ол жай нәрсе емес, соның кесірінен тіпті кей сөздердің мағынасы өзгеріп, ол адамдардың тағдырына әсер етеді. 1998 жылы бірінші рет өмірге «Қылмыстық кодекс пен қылмыстық істерді жүргізу» Заңы келді. Бірақ іс жүзінде ол жарамсыз боп қалды. Тағы айта кетерлік бір жағдай – әлі күнге сот процесінің орыс тілінде өткізілуі. Сот та, айыпталушы да, барлығы қазақ бола тұра, сот процесі орысша өтеді. Себебі заңның қазақша аудармасы талапқа сәйкес келмейді. Мұны негізі, қазақшалау керек, себебі аудандарда, қарапайым ауыл адамдары тіпті сот тілін түсінбейді де. Осы ретте шығып жатқан журнал өз үлесін қосады деп сенемін.

Халық пен биліктің арасына көпір болып, әділет іздеген жандарға араша түсіп, қоғамдық мәселелерді шешіп беруді мақсат еткен басылымның осы жолда шынында табандылық танытып, ел сенімін ақтауына – ендігі жерде уақыт пен оқырман таразы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста