Менің жазғы демалысым туралы шығарма (эссе)

Менің жазғы демалысым туралы шығарма (эссе)

Жаз – әрбір оқушының ең сүйікті жыл мезгілі. Себебі, 3 айға созылатын ұзақ демалыс басталады. Балалар, 1-ші қыркүйек күні кездескен кезде, алдымен, жазғы каникулда болған қызықты оқиғалары туралы әңгімелесе бастайды. Сондықтан, менде өз демалысымды қалай өткізгенім жайлы сіздерге айтып кетейін.

Жазғы демалыста бостан-бос үйде отырмай, оны пайдалы өткіземін деп шештім. Жалпы өзім таза ауада серуендегенді ұнатамын. Таңертең ұйқыдан оянған соң, далаға шығып жүгіріп отырдым. Осының арқасында, өзімнің физикалық даярлығымды қалыпқа келтіре алдым. Компьютердің, телефонның немесе теледидардың алдында уақытымды өткізген жоқпын. Үйде ата-анама көмектесіп, олардың тапсырмаларын мұқият орындап отырдым. Шілде айында отбасыммен бірге көлге бардық. Бұған дейін мен мұндай курорттарда болған емеспін. Осы сапар маған тек жағымды эмоциялар ғана сыйлады. Жаздың ыстық күндерінде суға шомылып, құмды жағажайда жату керемет екен. Ата-анаммен аквапаркке барып, өмірінде алғаш рет дельфиндерді көрдім. Катамаранға және қайыққа мініп, көлде жүзідік. Ал, кеш батқан кезде, уақытымызды жағалауда серуендеумен өткіздік. Бұл демалыс, маған ұмытылмас әсер қалдырды! Келесі жылы осы жерге қайтадан келуді жоспарлап отырмыз. Тамыз айында қалада болдым. Менің әкем балық аулауды қатты ұнатады. Ол осы жолы жанына мені ертіп алуға шешім қабылдады. Қолымызға қармағымызды алып, өзенге аттандық. Жолым болып, судан бірнеше рет үлкен балық алып шықтым. Үйге келген соң, анам осы балықтан өте дәмді тамақ әзірледі. Соңғы аптада жаңа оқу жылына дайындала бастадым. Жазғы каникул ең ұзақ болғанымен, өте жылдам өтіп кетеді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста