Саммит Еуропадағы қауіпсіздік мәселесінің өте күрделі екенін көрсетті

Саммит Еуропадағы қауіпсіздік мәселесінің өте күрделі екенін көрсетті

Жетпіске жуық елдің көш бастаған серкелері және «мен» дейтін марқаларының басын Астанада түйістірген ЕҚЫҰ саммитінің екінші күнгі жалпы отырысы да дәл уағында басталды. Ұйымға мүше 56 елдің мемлекет және үкімет басшылары, арнайы жіберген өкілдері, сондай-ақ ұйыммен серіктес елдер мен халықаралық құрылымдардың басшылары түгелдей хаттамалық уақыттан ауытқымай келіп, орындарына жайғасты.
Саммиттің кешегі отырысын ашқан Елбасы сөзін қатысушы мемлекеттерге арнап, Астанадағы осынау үлкен жиын Қазақстанға ЕҚЫҰ қызметін серпілту тұрғысынан бірегей мүмкіндік беріп отырғандығына назар аударды. «Ыстамбұл саммитінен кейін араға 11 жыл салып барып өтіп жатқан мемлекет және үкімет басшыларының жоғары деңгейдегі пікір алмасулары бізге сағатымызды туралап, қай жерде тұрғанымызды ұғынуға, ілгері жылжудағы негізгі бағыттарымызды айқындауға мүмкіндік береді. Іс жүзінде ЕҚЫҰ міндеттемелері мен қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді сараптау бізге болашақ жоспарларды белгілеуде оң ықпал етеді. Тарих бізге айрықша мүмкіндік беріп тұр. Одан айырылып қалу кешірілмес жайт болар еді», – деген Мемлекет басшысы Астана дек­ларациясының қалған тұстары бойынша кере­ғарлықтарды еңсеріп, ортақ пікірге келетіндеріне сенім білдірді. Осыдан кейін Елбасы жиын тізгінін Литва Президенті Даля Грибаускайте ханымға ұстатты.
Ең бастысы, өзара сенім мен төзім қажет
Бұдан әрі сөз алған делегация басшылары­ның қай-қайсысы да бүгінгі ЕҚЫҰ алаңдап отырған қақтығысты аумақтардың мәселелерін шешу жайына соқпай кете алмады. Таулы Қа­рабақ, Грузин-Осетин қақтығысы, Қырғыз төң­керісі мен аумалы-төкпелі Ауғанстан – бұлар­дың бәрінде де қару қолданылып, қан төгіліп, бірі жерінен, бірі елінен айырылса, енді бірінде азаматтық соғыстың қаупі төніп тұрғандықтан, бітер даудың шешімін араағайын елдер де, ЕҚЫҰ секілді белді ұйым да кесіп айта алған жоқ. Айтылған ке­сім, ұсынылған төре­ліктің бәрі декларативті сипатта болып, міндеттей алмай­тындықтан, оған тоқтап, қатердің бұлтын сейілтіп жатқандар да әлі жоқ. Қырғи-қабақ жүрген елдердің қай-қайсысы да «Бейбітшілік салтанат құрсын!» деп мәлімдегенімен, іс жүзінде нақты іс-әрекет те көрінбейді. Сондықтан да болар, саммиттің екінші күнінде де «ЕҚЫҰ болашақта қандай ұйым болуы керек?» деген сұрақтың қойылғаны заңдылық сияқты.
Мысалы, Словения Президенті Данило Тюрк: «Біз бүгін осынау маңызды жиынның қатысушылары бола отырып, ең алдымен «ЕҚЫҰ қандай ұйым және одан біз болашақта не күтеміз» деген сауалдың жауабын беруіміз керек сияқты», – деген ой тастады.
Расында, 35 жылда әлем қатты өзгерді, соңғы он жылдың өзінде түрлі қауіп-қатерлер бой көрсетті. Бұлардың қатарында халықаралық лаңкестік, заңсыз көші-қон, есірткі және қару айналымын да, экономикалық дағдарыстарды да, халықтардың кедейленуін де айтуға болады. Сондықтан, бүгінгі заманда Еуропа, Еуразия және Еуроатлантика қауіпсіздігінің арасында тығыз байланыс бар. ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ахуалдардың әртүрлілігі де сол себептен, бұл – саяси мәдениеттердің айырмашылығы. Олар елдер мен өңірлер бойынша ерекшеленеді. Сол себепті де саяси ұсынымдар мен шешім­дерді, міндеттемелерді орындау аса үлкен мәнге ие екендігіне тоқталған Сло­вения Президенті: «Біз бір-бірлерімізге төзімділік танытып үйренуіміз керек. Толеранттылықты үйреніп, өзара сенім деңгейін көтеру қажет. Бір мәмілеге келіп, шешімдер қабылдау, қауіпсіздікті нығайту үшін бір-бірлерімізге сену керек» деп атай отырып, ең ұзаққа созылған шиеленіс нүктесі – Таулы Қарабақ мәселесін шешуді тездету қажеттігін, ол үшін Әзірбайжан мен Армения тараптары да қатулықты қойып, нақты қадамдарға баруы тиістігін айтты.
Жалпы, естір құлақ болса, илігіп жөнге келер жұрт болса, Таулы Қарабақ мәсе­лесіне қатысты мәміле сөзін айтушылар жеткілікті. Халықтары бір-бірін «екі дәулет – бір миллет», яғни екі мемлекет – бір халық» деп санайтын Әзірбайжан туысына Түркия жұмқұрбасшысы да алаңдаулы. Сондықтан «бүгінгі Саммит біздің дағ­дарысқа ұшыраған жанжалдарға қаты­насымыздың айқын көрінісі болуы тиіс­тігін» айтқан А. Гүл: «Біз қолда бар ре­сурс­тар мен мүмкіндіктерді жанжал­дарды рет­теуге жұмсауымыз керек. Түркия өзінің тарапынан Грузия, Молдова, Әзірбай­жан­дағы мәселелердің осы ел­дердің тәуел­сіздігі мен территориялық тұ­тас­ты­ғын сақтай отырып, бейбіт түрде шешілуіне мүдделі», – деді.
Сло­вения Президенті былай дейді: «Бұл ретте негізгі міндет мынада: ұйымды жаңғырту мен оның қызметін дамытуға жаңа серпін беруіміз керек. Бізге ЕҚЫҰ кеңістігінде жұмыс істейтін жаңа жоспар жасап, осы оң өзгерістерді аяқсыз қалдырмау керек. Бұл жағынан Төрағалық мінберіндегі Қазақстан төрағалық тек басымдықтарды ғана ескеру емес, сонымен қатар ұйым жұмысындағы сабақтастықты да қамтамасыз ету екендігін көрсете алды. Өйткені Қазақстан күн тәртібіне шығарған «Толеранттылық, Сенім. Дәстүр. Ашықтық» іс жүзінде Сло­венияның 2005 жылғы төраға­лығындағы «Белсендіру. Реформа. Тең­геру» деп атал­ған күн тәртібімен үн­десті».
Ал Түркия Президенті А. Гүл: «Бұл ретте мен Қазақстан басшысының осындай жоғары деңгейдегі жиын өткізу жөніндегі бастамасын ерекше атап өткім келеді. Біздің бірлескен жұмыстарымыз ЕҚЫҰ аясындағы, өзара ынтымақтастық негізін­дегі, сапалы қауіпсіз жағдайды қалып­тастыру жөніндегі ортақ мақсаттарға негізделген дей келе, «Қазақстандық төрағалық Орталық Азия мемлекеттерінің еуразиялық қауіп­сіздікті анықтаудағы дайындығының тағы бір мысалы» екенін атап көрсетті.
Қысқасын айтсақ, бұл саммит, әу баста айтылғанындай-ақ, нақты бір мәселелер бойынша түпкілікті шешімдер қабыл­данатын жиын болмайтыны қатысу­шылардың сөздерінен аңғарылып тұр. Бұл заңдылық та. Өйткені 11 жылдық үзілістен кейін өткізіліп тұрған жоғары деңгейдегі алғашқы кездесуде бірден барлық тарапты бірдей қанағаттандыратын шешім қабыл­дануы мүмкін емес. Бұл саммиттің негізгі мақсаты «жабулы қазан жабулы күйінде» қалып, ішінен қоздап жатқан «отты» мәселелер жанартау болып атылмай тұр­ғанда, аузын ашып, шоғын азайту немесе мүлде «сөндірудің» жолын іздеу қажеттігіне барша мемлекеттің назарын аудару болған сыңайлы. Егер солай болса, бұл мақсат орындалғаны анық. Өйткені саммитке келген Ресей Президенті де, АҚШ Мем­лекеттік хатшысы Хилари Клин­тон да, Еуропалық елдер мен ТМД, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға серіктес елдердің өкілдері де өз сөздерінде бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын да айтып кетті. Осының өзі араға 11 жыл салған бүгінгі саммиттің қаншалықты пісіп-жетілгендігін көрсетсе керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста