Жыланды қалай "сауады?"

 Жыланды қалай "сауады?"

Бауырымен жорғалаушының бір шаққаннан-ақ сеспей қатыратын қауіптілігімен қатар адамға пайдалы жағы да бар екендігі белгілі. Еуропада жылан уының кептірілген 1 грамм ұнтағы 300 АҚШ доллары тұрады. Ал одан аса қымбат дәрі-дәрмек жасайтыны белгілі. Зоологтарға жыланның 2 700-ден астам түрі белгілі. Оның әрбір бесіншісі өте улы болып келеді екен. Елімізде жыланның уын кәдеге жарататын фармакологиялық зауыт жоқ. Ал шетелдерде оны асырап бағып, уын алып, ұнтаққа айналдырып бірнеше есе қымбат бағаға сатып байып отырғандар жетерлік. Өкініштісі дәлі осы бизнес түрі бізде дамымаған. Еліміздегі дәрі жасайтын кәсіпорындар негізінен шөптен жасалған дәрі-дәрмектер мен ресейлік өндірушілер үшін қажетті құрамалар әзірлеумен келеді. Бүгінге дейін.
Қазіргі таңда елімізде дәрі-дәрмектің 700-ден астам атауын шығаратын 90-нан астам кәсіпорын бар. Ресми емес дерек көздерінің мәліметіне сүйенсек жыл сайын елімізде өндірілетін дәрі-дәрмектің 20 пайызын отандық өндірушілер ТМД елдеріне және шетелдерге экспорттайтын көрінеді. Бірақ оның ішінде жылан уынан жасалғандары жоқ. Әйтпесе елімізде жылан жоғалып кеткен жоқ. Тек оны кәдеге асыратын тетік табылмай отырғаны болмаса... Шымкенттегі Santo сауда маркасымен жұмыс істейтін “Химфарм” АҚ бүгінде поляк компаниясының қолына өткені белгілі. Ондағы мамандардан жылан уы қолданыла ма деген сауалымызға жоқ деген жауап алдық. Еліміздегі ең ірі ICO стандартымен жұмыс істейтін компания осындай ірі жобалармен жұмыс істемейтін болған соң басқаларынан қайран жоғы белгілі. Әрине Santo майлар, линименттер, суппозиторийлер шығарады. Алған бағыты басқа. Отандық фармөнімдердің 60 пайызын шығаратын кәсіпорын әлемдік нарықта аса сұранысқа ие басым бағытқа бет бұрса деген тілек қой біздікі...Есесіне қарапайым жұртшылық арасында, сондай-ақ халық емшілері жылан уын емге пайдаланып жүргендер жетерлік. Көктем шығысымен оңтүстікте жылан саудасы қызады...Ресейлік «Вокруг света» журналының жазуынша Бразиляиның Сан Паулу қаласындағы Бутантан биомедициналық зерттеу институтында арнайы вакцина, уға қарсы дәрілер жасап шығарады. Ондағы зерттеу лабораториясында 12 мыңнан аса жылан ұстап, бағады. Одан жылына 5-6 литрге дейін жыланның сұйық уын алады. Ал одан 1-1,5 келідей құрғақ ұнтақ алуға болады екен. Мұндай көлемді жинау үшін олар жыланды әр екі үш аптада «сауып» тұрады. Кішкене жыландардан бір «сауғанда» 20-40 миллиграм, ал үлкендерінен 500-900 у алады. Ал оны құрғатқанда одан аз ғана масса қалады.
Жылан «сауғанда» көбіне дәстүрлі түрін қолданады. У жиналатын ағзасына массаж жасау арқылы уын алады. Ал бүгінгідей технология мықтап дамыған шақта электр қуатымен «сауады», яғни жыланның сілекейлі қабығына 5-8 вольттық қуатты электродпен соғады. Сонда ол бұлшық еттердің жиырылуына әкеп соғады да у тамшылайды. Еуропадағы жылан бағатын серпентарияларда жарты жылда гадюкаларды асырап, бағып одан бір ампула ғана дәрі алады. Ал оларды жиі сауу олардың тез өлуіне әкеп соғады. Зоологтардың айтуынша гадюкалар 15 жылға дейін өмір сүреді. Бірақ қамауда тұрғанда екі жылдан аспайды. Бүгінде жыланның уына деген сұраныстың тым жоғарылығынан және сол сұранысты қанағаттандыра алмай отырғандықтан оның уын жасанды жолмен алу қолға алынуда. Мәскеудегі теориялық және эксперименталды биофизика институтында у клеткаларын табиғи жағдайда алатын ауқымды жоба әзірленген болатын. Бірақ қаржыландыру жағынан кемдік болған соң жабылып тынды. Оның тағы бір жолы химиялық синтездеу арқылы алу. Осылайша шетелдіктер жыланнның жасанды уының пайдасын көріп отыр. 1887 жылы Мичиган университетінің физиологы Генри Сьюол көгершіндерге тәжірибе жасап жылан уына қарсы дәрі ойлап тапқан болатын. Кейінірек француздар жылан уына қарсы жылқының қанынан ауруға қарсы егілетін сұйық зат алып, жаңа дәрі ойлап тапты. Осылайша жылан уына қарсы емдік шаралар жүргізіле бастады. Ғасырлар бойы емшілер түрлі ауруларды жылан уымен емдеп келді. Бірақ оны ішудің түкке де қажеті жоқ дейді дәрігерлер. Өйткені адамның ас қорыту жүйесі оны ауру жеріне жеткізбей қорытып жібереді. Яғни тауық сорпасындай да әсер етпейтін көрінеді. Ал удан жасалған сықпамайлардың пайдасы бар. Ол қыздырып қана қоймай талшықтардың жұмысын жақсартады. Инфаркт алған, жүрек қан тамырлары ауруларынан зардап шегетіндерге жылан токсиндері бар дәрі пайдалы. Қан тоқтату мақсатында қолданылатын стоматология саласындағы дәрі гюрзаның уынан алынған дәріден жасалған. Бұлшық ет, және буын аураларында, невралгия, радиукулит, полиартрит, плеврит, бронхиалды астмада қолданылады Онкологиялық аурулар да жылан уының алдында дәрменсіз. Оңтүстік Калифорниядағы онкологиялық ауруларды зерттеу институтының биохимия және молекулярлы биология факултетінің медиктері қауіпті ісіктерді мокасиндік жыланның уы арқылы тоқтатуға болатынын ашты. Тіпті бұл жаңалық Нобель сыйлығын алған болатын. Жылан уы альбумин, глобулин, фермент, су, тұздан тұрады. Оны құрғақ күйінде бір ғасырдай сақтауға болады.
Жылан саудасы қызып тұр...
Көктем келісімен оңтүстікте жылан саудасының көрігі қызады. Сарыағашта сары жыландарды 2-3 мың теңгеге саудалайды. Бүгінде ел арасында сары жыланның сорпасын қайнатып ішіп, ауруынан айықтым дейтіндер көп. Сол себептен болар сары жыланның сорпасына деген сұраныс артқан. Алайда көбіне жыланның қай түрі ем екенін, қалай дайындау тәсілін білмей дертіне дерт жамап алып жатқандары да жоқ емес.
Амалбек Серқұлов, халық емшісі:
–Бірнеше жылдан бері науқастарды арамен шақтырып және жылан сорпасымен емдеп келемін. Ауруынан айығып кеткендер баршылық. Жыланның етінен жасалған сорпа ағзаны шлактардан түгел тазалайды. Жаңадан басталып келе жатқан 1 сатыдағы қатерлі ісік ауруын емдеуге де болады. Оны көбіне жылан аулап сататындардан аламыз.
Ия мал бордақылап сататындар сияқты жылан аулауды да кәсіп қылғандар баршылық. Жазда бағасы арзан, қыста жер бетінен жоғалып кеткенде қымбаттырақ болатын көрінеді. Емшілер көбіне май жыланды пайдаланады. Сондай-ақ, әртүрлі ауруларға шұбар жылан мен қарашұбар жыланды да пайдалануға болады. Негізінен жыландардың ішіндегі ең шипалысы майжылан деседі. Қыс бойы ол жылан жер астында тек қана дәрілік шөптердің тамырын сорады екен. Оның сорпасы барлық ауруға ем көрінеді. Халық емшілері жыланмен емделгенде емшілермен не дәрігерлермен кеңескен жөн дейді... Тек ен даланы ен жайлаған жылан атаулы аулаушылардың кесірінен жойылып кетпесе дейсің...
Жылан бейнесі қайдан жүр
Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Ең алғаш Франческо Реди атты ғалым ашқан деген мәлімет бар. Қазіргі таңда медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл белгіні Кеңес Одағы 1924 жылы бекіткен.
Жылан-ақпарат
Жыландар жер шарында кең тараған. Тек Антарктидада ғана кездеспейді. 12 тұқымдасқа бөлінеді. Ең көбі сарыбас жыландар, олардың 1 500 түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдастары бар. Соқыр жыландар, айдаһар, сарыбас жылан, сұр жыландар, бозша жыландарға жататын 18 түрі бар. 16 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Жылан-жаңалық
Жапондықтар жылан уынан әжімге қарсы крем ойлап тапты. Оны бір-екі рет жаққаннана- бетті үтіктегендей теп-тегіс етеді... Ал новосибирскілік дәрігер-ғалымдар араққа жыланның уын қосып жаңа ішімдік түрін ойлап тапты. Оны ішкеннен кейін адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылады. Жылан арақты ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейтін көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста