Жанар-жағармай бағасының өсу себебі неде?

Жанар-жағармай бағасының өсу себебі неде?

Еліміздің барлық аймағында жанар-жағармайдың бір литрінің бағасы орташа есеппен 3-5 теңгеге өсті. Мәселен, Алматы қаласының жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 – 99-дан 102 теңгеге, АИ-80 – 84 теңгеге, дизель отыны 88 теңгеге артқан. Анықтай келгенде, бағаның бұлайша өзгеруі Мұнай және газ министрлігінің маусым айында жанар-жағармайдың шекті бағаларын 3-тен 7 пайызға дейінгі өсіммен белгілеуімен байланысты болып шықты.

Биліктің позициясы...
Осыдан бір ай бұрын да аталған өнімнің бағасы күрт өзгеріске ұшыраған болатын. Сол кезде мұнай және газ министрі Сауат Мың­баев оны Ресейдегі жағдаймен тығыз байланысты деп түсіндірген еді. Яғни ма­мыр айында Ресейдің бірнеше айма­ғын­да жанар-жағармай тапшылығы орын алып, оның бағасы қымбаттаған болатын.
Ал бұл жолғы өзгеріс ішкі себептерге бай­ланысты орын алып отыр. Яғни еліміз­дің құзырлы органы маусым айында жа­нар-жағармайдың шекті бағаларын 3-тен 7 пайызға дейін өсіммен белгіледі. Соған сәйкес, бір демде еліміздегі жанар-жағар­май құю бекеттері өнім бағасын жоғары­лат­ты. Сондықтан бұл ретте Монополияға қар­сы күрес комитетінің де қандай да бір ша­ра қолдана алмасы анық.
Қалай дегенмен де, бүгіндері «мұнай өн­ді­руші мемлекетте жоғары құнның бел­гі­ленуі қисынсыз» деген қоғамдық пікір бой кө­теріп тұр. Мысалы, мұнай өндіретін Сауд Арабиясында ішкі нарықтағы жанар-жа­ғар­майдың бір литрі 23 теңгеге сау­да­лан­са, Ливияда бұл баға 42 теңгені құ­рай­ды екен. Тіпті мұнай импортына тәуелді мемлекеттер – АҚШ пен Қытайда аталған өнім­нің бір литрі біздікіндей бағамен ба­ғаланатын көрінеді. Ал біздегі жағдай неге мүлде бас­қаша?.. Тура осындай сауалды алдын­да­ғы баға өсімі кезінде Парламентке заң жо­ба­сын таныстыруға келген мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа де­пу­тат Вла­ди­мир Нехорошев те жолдаған еді. Ол кезде министр: «Қазақстан Ресейдегі жанармай ба­ға­сына тәуелділігінен құтыла ал­майды. Бұл бір-ақ жағдайда мүмкін: егер біз Ресеймен арадағы шекараны жауып тастай алсақ... Бізде мұнай жеткілікті. Де­генмен Ресейсіз бағаны реттейміз деу мүмкін емес», – деп жауап берген. Ал «Ке­ден ода­ғына енгенде іштегі жанар-жа­ғар­май құны­ның Ресейдегімен теңесіп кету қаупі бар ма» деген сауалға ол: «Кеден одағы ая­сында Қазақ­стандағы баға Ресейдегіге қа­рағанда төмен болуы керек, бірақ бұл рет­те қазір бел­гіленген шек жоқ», – де­ген.
Сондай-ақ еліміздегі мұнай өнімдері им­портына бұған дейін 1 шілдеге дейін тыйым салынған болатын, бүгіндері бұл шек­­теу мер­зімі тағы да ұзартылып отыр. Осы жа­ғынан алғанда, біздегі құзырлы ве­дом­ство аталған мәселеге қатысты қолынан кел­геннің бәрін қолданып жатқан сы­ңай­лы.
«Жау алыстан келмейді» демекші, бар­лық гәптің солтүстік көршімізден шығып жат­қан жайы бар. Яғни біздің жанармай баға­сын реттеуде Ресеймен санас­пауы­мызға бол­­майды. Соған қарағанда, әлемдік ба­ға­­дан гөрі, елімізге көршілердің нар­қын­да­ғы жағ­­дай ықпалдырақ әсер ететін бо­лып тұр.
Еске сала кетелік, Ресейдегі жанар-жа­ғар­майдың бір литрі – отандық валю­та­мен есептегенде, 130 теңгеге тең.
Техника ғылымының докторы, профес­сор Тоқтамыс Меңдебаев: «Бүгіндері жа­нар-жағармай бағасын реттеуде мем­ле­кеттік монополия міндетті түрде қа­жет», – дегенді айтады. «Өйткені жанар-жа­ғар­май – қуат көзі. Тұтыныстағы тауардың бар­лығының шығынына аталған өнімнің бағасы енеді. Сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі жаппай тауарлардың қым­баттауына, инфляцияның күш алуына әке­ліп соғуы мүмкін. Иә, түбінде біздегі жа­нар-жағармайдың құны Ресейдегімен теңесуі әбден ықтимал. Сондықтан осы әлсіз тұсты пайдаланып, өңіріміздің әр ай­мағында спекуляцияға жол беріліп жатқан фактілер бар. Оны міндетті түрде ауыз­дық­тау керек. Әрине, мемлекеттік монополия арқылы ғана», – дейді маман. Ал же­ке­мен­шіктердің бұл реттегі пікірі мүлде басқаша...
Жекеменшіктер көтерме бағаны да шектеуді ұсынады
Бұл арада Мұнай және газ министрлігі ай сайын әлеуметтік маңызды жанар-жа­ғар­май түрлерінің шекті бөлшек бағасын бел­гілеп отыратынын, бірақ мұнай өнім­дерін өндірушілер үшін көтерме бағаны шек­темейтіндігін баса айта кетелік. Осының соңғысы ішкі нарықта дүрдараздық туғы­зу­да. Осындай пікірдегі SID NEFT жеке­мен­шік жанар-жағармай құю бекетінің директоры Сергей Богданов:
– Бізге сұраған қажетті мөлшерде жанар-жағармай бөлінбейді. Үкіметтің белгілеген бағасымен алатын жанар­майы­мыз 10 күннен кейін-ақ таусылып қа­лып жатыр. Сондықтан тұты­ну­шы­ла­ры­­мыздан айырылып қалмас үшін біз кө­терме сауда жасаушылардың қыз­ме­тіне жүгінуге мәжбүрміз. Мысалы, алдында біз көтерме саудадан АИ-92-ні 88 тең­геден алсақ, оны өзімізде 89 тең­геден саудалап жүрдік. Айырма – 1-ақ теңге. Оның өзі осы бағыттағы шы­­ғын­да­рымызды да жаппайды. Яғни қазір біз «минуспен» жұмыс істеп жа­тыр­мыз. Сон­дықтан құзырлы орган мұ­най өнім­дерін өндірушілер үшін кө­тер­ме бағаны да бөлшек саудадағыдай шектесе екен дейміз. Не болмаса осы көтерме сау­да жабайы жүргізілмес үшін ең құрығанда заңды түрде жұ­мыс істейтін интернеттен биржа ашса екен деген тілегіміз бар. Сонда халық­тың көз алдында бағалардың қалай, қандай жағдайда құбылып жатқаны белгілі болып отырады. Әйтпесе, жанармайдың бағасы өссе болғаны, жұрттың бәрі же­ке­меншіктерді кінәлап шыға келеді. Ал, шын­дығында, нақты жағдай басқаша ғой, – дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста