Жанар-жағармай бағамы бұғаулағанға неге көнбей тұр?

Жанар-жағармай бағамы бұғаулағанға неге көнбей тұр?

Кешелі бері елімізде жанар-жағармайдың бағасы қымбаттады. Бұдан былай дизель отыны - 1 литр үшін 115 теңгені, Аи-80 - 1 литр үшін 89 теңгені, Аи-92/93 - 1 литр үшін 128 теңгені құрайтын болды.
Бұған қатысты кеше ғана «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары Ерлан Қожабаев «қазіргі таңда бензин бағасының көтерілуі тиістігін дәлелдейтін екі фактор бар. Біріншісі, елімізде жүргізілген ұлттық теңге бағамының өзгеруі. Екіншісі, дәл осы мұнай өніміне маусымдық баға өсімінің орын алуы. Яғни, біздің сарапшылық пікірімізше, бензин бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы тиіс. Бұл әділ баға болар еді» деген еді.
Ерболат Қожабаевтың сөзіне қарағанда, еліміздегі бензин бағасының қымбаттауын мемлекет реттейді.
«Үкіметтің шекті бағаны реттейтін қаулысы бар. Соған сәйкес мемлекеттік органдардың бағаны көтеруге, түсіруге құқығы бар» дейді ол.
Сөйтіп, оның сөзіне қарағанда, АИ-92 бензинінің 30 пайызын Қазақстан Ресейден алып отыр. Ал көрші елде бұл бензиннің бағасы біршама көтеріліп отыр. Өйткені, Анжерск қаласындағы мұнай өңдеу зауытында апат орын алып, өндіріс ошағы өз қызметін жыл соңына дейін тоқтатқан. «Алаш айнасы» осыған байланысты мәселенің түп-төркініне үңіліп көрмек болды.
Ресейдің Мұнай-газ өндірушілерінің президенті Генадий Шмаль ресейлік нарықта жанар-жағармайды барынша үнемдеп пайдалану қажеттігін, ол үшін жанармай тұтынуға белгілі әлеуметтік нормалар енгізу керектігін, осы арқылы тұтынушыларды жанар-жағармаймен толыққанды және қолжетімді межеде қамтудың жөн екенін биыл қаңтарда жыл басталғаннан-ақ айта бастаған. Осы мәлемдемесі арқылы Шмаль Ресей жанар-жағармайының көктем шыға 10 пайызға қымбаттайтынын да жасырмады. Бұл жөнінде ол: «Ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығы орын алды. Сондықтан бізге дереу арада әлеуметтік норма енгізу керек. Мысалы, Иран елінде мұндай әлеуметтік норма бар. Ол елде әрбір көлігі бар тұтынушы ай сайын 200 литрден артық жанармай тұтынбайды. Сол тәрізді бізге де ай сайын 50 шақырым жүретін Жигули көлігіне 150 литр жанармай беру тәрізді шектеулер енгізу қажет. Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арнап талондар шығару керек» деді. Осылайша Ресей өз тұтынушыларына әлеуметтік норма енгізіп, жанармай тұтынуды шектеді. Бұл ақпан айында орын алған жайт. Осы кездің өзінде біздің отандық сарапшыларымыз көп ұзамай Қазақстанда да жанармайдың бағасы өсім беретінін алға тартты. Өз кезегінде біз мұны «Алаш айнасында» тарқатып жазған да болатынбыз.
Еліміздің жанар-жағармай нарығындағы 40 пайыздық тапшылықты Ресей арқылы толықтырып отырғанымызды ескерсек, көрші елдің жанармайға қатысты жоғарыда аталған қадамдарға баруы бізге әсер етері даусыз еді. Бірақ біздің атқарушы билік осы уақытқа дейін «елде тапшылық болмайды, жанармай қымбаттамайды, барлығы бақылауда» деп келді. Ал енді қалай десек те халық ең көп тұтынатын жанармай АИ-92 10-15 пайызға қымбаттайтын болды. Жанармайдың бағасы қымбаттады дегенше барлық азық-түлік, тұтыну қызметі қымбаттары тағы анық. Тығырықтан шығар жол қайсы? Мұндайда халыққа қайтпек керек?
Негізінен мамандардың байыптауынша, біз нарықтағы өнім тапшылығының 30 пайызын емес, 40 пайызын Ресей арқылы толықтырып отырмыз.
Ресейден жылына елдегі ең ірі деген Павлодар мұнай өңдеу зауытына 6 млн тонна мұнай, 1,5 млн тонна мұнай өнімдері тасымалданады. Бұл жоғарыда сөз еткеніміздей ішкі нарықтағы тапшылықтың 40 пайыздан астамын қамтып отыр. Осы уақытқа дейін Ресей өнімдері елге бұлайша молынан енсе де, отандық нарықтағы жанармай бағасы жыл сайын өсім беріп келді. Ал енді Ресейдің мұнай өңдеу компаниялары тыңырыққа тіреліп, олар өз тұтынушыларын өніммен қамтуды шектеп жатқан тұста бізді жарылқай қояр ма екен?
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Қазақстан жанар жағармай тұтынуда Ресей мен Қытайға тәуелділік танытуда. Мәселен, біз Ресейдің жанар-жағармайын тәуелділіктен арылу үшін біз өткен жылы Қытаймен келісімге отырған болатынбыз. Бұл келісім бойынша Қытай толлинг жүйесімен өз мұнайымызды қайта өзімізге өңдеп жіберуі үшін біз ол елге 1 млн тонна мұнай айдаймыз. Сол Қытай елі оны бізге қайта өңдеп сапалы жанармай беруі тиіс-тін. Дегенмен Қытайдан жанармай алу жағы техникалық мүмкіншіліктің аздығына байланысты толыққанды шешімін таппай отыр. Себебі Павлодар мұнай өңдеу зауытының технологиялық ауқымы тек Сібірдің жеңіл мұнайы өңдеуге негізделген. Павлодарға Сібірдің кен орнынан тікелей арнайы құбырлар тартылған. Ал Қытай мен арадағы толлинг жүйесін шешу үшін құбырлар тарту жағы әлі шешімін таппай отыр. Осылайша техникалық әлеуетіміз жарамсыз болып отыр. Ал Ресейдегі жағдай қазір ушығып тұр. Ресейдің өзіне жанар-жағармай жетпей жатыр. Сондықтан келешекте жанармай бағасы бұғаудан шығады. Үкімет қанша жерден өсірмеуге шектеу қойғанымен ол ырыққа көнбейді. Өнімге сұраныс артады, тапшылық туындайды. Осыдан барып баға қымбаттайды.
Негізінде, мамандардың айтуынша, Қазақстандағы мұнай өңдеу технологиясының ескіргені сонша, біз 1 тонна мұнайдан 300-350 келі жанармай алады екенбіз. Ал көршілес Ресейдің зауыттары 1 тоннадан 600-700 келі жанармай шығарады. Еуропа мен АҚШ-та бұл көрсеткіш 800-870 келіні құрайды. Техникалық әлеуетіміздің осы іспетті әлсіздігін алға тартқан сарапшылар жанармай тапшылығымен әлі де бетпе-бет келетінімізді, демек, сырттан келетін өнімге әлі де тәуелді бола түсетінімізді баса айтуда. Ал сырттан келетін өнімнің бағасы да құбылмалы болатыны айтпаса да түсінікті емес пе?
Марал Төртенова, экономист-сарапшы:
- Жанармай бағасының өсуі басқа бағаларды да соңынан ертеді. Алдағы айда жанар-жағармай бағамында өзінен-өзі «секіріс» болады. Себебі Ресей өзінің ішкі нарығындағы қымбат жанармайын бізге арзан бағамен бермесі анық. Қазір елдегі жанар-жағармай тапшылығы ірі зауыттарымыз Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары толыққанды модернизациялау ісіне көшкенде ғана жойылатыны айтылып жүр. Ал бұл ірі зауыттардың нақты моддернизациялау жүйесін меңгеретін тұсы 2019-2020 жылдардың аралығын қамтиды. Сондықтан бізге әлі де бұл салада біраз қиындықтарды меңгеруге тура келеді. Егер отандық мұнай өңдеуші зауыттарымыз талапқа сай болса Қытайға толлинг жүйесі арқылы өнім өңдеп бер деп жалынбайтын едік, Ресейге арзан жанармай тауып бер деп алақан жаймас едік. Өкініштісі сол, біз отандық мұнай өңдеу саласына серпін бере алмай отырмыз. Меніңше, жерінде бір тамшы мұнайы жоқ жапондарда 70-ке жуық мұнай өңдеу зауыттары бар. Сондықтан Қазақстан да осы тәжірибеден сабақ алып, елде шағын мұнай өңдейтін зауыттар көптеп салуды қолға алуы керек. Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыратын арнайы қорлар, әлеуметтік жанармай бекеттері ашылуы тиіс. Бұл – елде қымбатшылықтың белең алуына жол бермейтін бірден-бір тетік. Бұған қоса нақ осы жанар-жағармайға қатысты арнайы қатаңдатылған заң қабылдануы тиіс. Сонда елге сырттан жанармай әкелуші компаниялар да, отандық жанармай өндіруші компаниялар да заңсыздықтарға бой алдырмайтын болады.
Міне, мамандардың пікірінше, жанармай төңірегіндегі түйткілді шешуде алдымен біз алдымен осы ұсыныстарды ескергеніміз жөн. «Бағаны бұғауламас бұрын осындай тетіктерді қарастырмасақ, онда баға ешқандай бұғауға көнбейді. Сондықтан осы ұсыныстарды ескеру қажет» деп отыр мамандар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста