Зайсанның газы игілігімізге қашан жарайды?

Зайсанның газы игілігімізге қашан жарайды?

Осыдан бірнеше жыл бұрын қойнауы малға, баурайы мұнай мен газға толы Зайсан өңіріндегі табиғат байлығын кәдеге жарату ісі қолға алынған болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін екі ел Үкіметі (Қазақстан мен Қытай) арасында «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны да есімізде. Мамандар сөзіне сенсек, қазіргі уақытта осы бағытта біршама жұмыс атқарылып, табиғи газды Зайсан ауданының тұрғындары да тұтынатын күн жақындап қалған секілді.
Жақында мамандар Зайсан қаласында та­биғи газды кәдеге жаратуға арналған арнайы зауыт салынатынын, бұған қажетті қаражат көршілес Қытай елінен бөлінетінін мәлімдеген-ді. Алайда Зайсан ауданы әкі­мінің айтуынша, зауыт Зайсанда емес, Қытайдың Зимұнай өңірінде салынады. Ал Зайсанға жақын жерде автономды газ­та­рат­қыш стансы бой көтермек.
Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыс­тардың нәтижесінде болжам бойынша Зайсан ауданында 5 миллиард 200 мил­лион текше метр газ қоры анықталған. Алда­ғы сәуір айында оны игеруге арналған шаруалар басталады. Жоспар бойынша аудандағы 24 елді мекен газбен қамтылады деп есептелсе, соның ішіндегі Зайсан қала­сымен бірге 10 ауыл алғашқы кезекте өз өніміміздің тұтынушысы болмақ. Маман­дар­дың бағамдауынша, Зайсан газының сапасы өте жоғары, әлемдегі ең таза газдар­дың қатарынан саналады.
Табиғи газды өндіру мәселесіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та айрықша мән беріп отыр.
– Зайсан ауданындағы Сарыбұлақ газ кен орнынан 5 миллиард текше метр таби­ғи газды ауданның 20 мың адамға жететін тоғыз елді мекеніне тарту мәселесі жүзеге аса бастады. Ауданда мұнайдың мол қоры бар. Оны игеру де жүзеге аспақ. Қазіргі таңда Зайсан ауданына Зырян – Майқап­ша­ғай арқылы теміржол тарту мәселесі де біртіндеп шешілмек, – деген-ді аймақ басшы­сы журналистерге берген сұхбат­тарының бірінде. Табиғи газдың қызығын жергілікті тұрғындар қашан көреді? Осы сала мамандарының пікірлеріне жүгінсек, бұған қат-қабат құжаттардың жұмыстары кедергі келтіріп тұрған секілді. Дегенмен жақында қаржының алғашқы бөлігі бөлінгені белгілі болды. Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлі­мі мамандарының айтуынша, облыс­тық мәслихаттың кезектен тыс өткен 10-сессиясында тоғыз елді мекеннің ауыл­а­ралық газ жеткізу желілерін жабдықтау құрылы­сының жобалық-сметалық құжат­тамасын әзірлеуге 62 миллион теңге қар­жы қарастырылған. Яғни жобалық-смета­лық құжаттама әзір болғаннан кейін тұр­ғындарға газ жеткізу жұмыстары бірден қолға алынатын болады.
Мамандардың болжамынша, жыл аяғына дейін тұрмыстық газ Зайсан ауда­нының тұрғындарына жеткізілуі тиіс. Әуелгі кезекте, жоғарыда айтылғандай, ауданның тоғыз елді мекенін газдандыру жоспар­ланып отыр. Ауданның қалған ауылдарына газ содан кейін жеткізіледі. Осылайша аудан тұрғындарының көп бөлігі газбен қамтылатын болады.
Серік ЗАЙНУЛДИН, Зайсан ауданының әкімі:
– Газ қоры, алдын ала зерттеулер бойынша, ұзақ жылдарға жетпек. Ал Зайсанның мұнайын, тіпті Кеңес Одағы кезінде башқұрттар игермекші болып, қара алтынның қоры мол екеніне көз жеткізген. Алайда соңынан нарық келіп килігіп, ол жүзеге аспай қалған. Қазір мұнайды зерттеп жатыр. Ал газдың сапасы жақсы, аманшылық болса, оны игеруге Қытай жағы 210 миллион АҚШ долларын салмақ. Ал Б.Еламанов басқаратын «Тарбағатай Мұнай» ЖШС мұнайды игере бастамақ. Қазіргі бол­жам бойынша Зайсанда 5 миллиард 200 миллион текше метр газ қоры анық­талып отыр. Жақында Үкімет бас­шысы Серік Ахметов іссапармен біздің облысқа келген кезде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев «Өскемен – Зырян – Майқапшағай» теміржолын салуға көмек көрсету жөнінде ұсынысын жет­кізді. Егер бұл жоба іске аса қалса, Қытай арқылы Азия барысы елдеріне Қазақстанның өз өнімдерін жөнелтуге мүмкіндік туар еді.

Керек дерек
Сарыбұлақ – Майқапшағай құбырының өткізу сыйымдылығы жылына 500 миллион текше метрді құрайды. Бүгінде Зайсанда 5 миллиард текше метрден астам газ қорының бар екені барланып, нақтыланған.
Қазақстан мен Қытай елдері Үкіметінің арасындағы келісімшартқа сәйкес, қазіргі уақытта Сарыбұлақ – Майқапшағай газ құбырының ауқымды бөлігінің құрылысы салынып қойды. Зайсан ауданының елді мекендеріне көгілдір отын осы магистраль бойынша таратылуы тиіс. Ал жер байлығын көршілес елге экспорттау бойынша екі тарап әлі келісімге келген жоқ.
Мамандар Зайсандағы газ қорының 10 жылға дейін емін-еркін жететінін айтады. Дегенмен тайға таңба басқандай тап басып болжам айтуға әлі ертерек секілді. Өйткені кен орнының қаншалықты мүмкіндігінің бар екені, жер астының терең қатпарларында не жасырынып жатқаны бір Аллаға ғана аян. Мамандардың айтуынша, келесі жылы тағы да бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Зайсанда 5 миллиард емес, 50 миллиард текше метр газ қоры анықталуы да әбден мүмкін сол кезде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста