«Жайлы тұрғын үй» қазақстандықтардың баспана жағдайын жақсарта ала ма

«Жайлы тұрғын үй» қазақстандықтардың баспана жағдайын жақсарта ала ма

Таяуда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ұлттық жобадан тұратын тізбені бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

 

Ал олардың ішіндегі сүбелісі - базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру міндеттері көзделген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы екені сөзсіз.

 

Бес жылдық жобаны жүзеге асыруға бөлінетін қаражаттың көлемі де қомақты. Нақтырақ айтар болсақ, 2021-2025 жылдары жобаны жүзеге асыруға 7 млрд 567 млн теңге жұмсалады. Оның 4 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 785 млн теңгесі жергілікті бюджеттен алынады. Ал қалған 2 млрд 759 млн теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен болмақ.

 

Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген ұлттық жоба негізгі қызметтерге тең қолжетімділік және көліктік байланысты қамтамасыз ету сынды бағытта жүзеге асырылады. Ал оның іске асыруына жауапты ведомство – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

 

Жауапты ведомстволар ұсынған мәліметтерге қарағанда, инфрақұрылымды кешенді дамыту бағыты 16 мың шақырым сумен жабдықтау және кәріз желісін салу мен қайта құруды, 46 топтық су құбырын қайта құруды, 785 шақырым ағынды кәріз желісін және ирригациялық арық жүйесін жаңартуды; 7,7 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғырту және реконструкциялауды; 1 163 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге бюджеттік кредит беруді қамтиды.

 

Осы көзделген мақсаттар жүзеге асырылған жағдайда 2025 жылға қарай ауыз сумен толық қамтамасыз етуге, қалалардағы ағынды суларды 100 пайыз тазартуға қол жеткізіледі. Коммуналдық қызметтердің тозуы 55 пайыздан 47 пайызға дейін төмендейді.

 

Бірінші бағыт аясында «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру жалғасып, ауыл ішіндегі 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың шақырым ауылішілік жол мен 1,5 мың әлеуметтік нысан салынады және жөнделеді.

 

Бұл тірек ауылдардағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 100 пайызға жеткізуге, 3,5 мыңнан астам ауылдың инфрақұрылымын жаңа аймақтық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

 

Сондай-ақ осы бағыттың «Жайлы тұрғын үй» міндетін шешу үшін мақсатты топқа кіретін 185,1 мың адамға жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шығындарын субсидиялау, 102,3 мың әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салу, 25 млн шаршы метр тұрғын үй салу сияқты қолдау іс-шаралары жүзеге асырылады.

 

Жұмыс істейтін жастарға арналған мың тұрғын үй, сонымен қатар ауылдық жерлерде өз жұмысшыларына үй салған жұмыс берушілердің шығындарын жабу көзделеді. 235 мың жер учаскесі жаңа тұрғын үймен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

 

Жалпы, алдағы 5 жылдың ішінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 103 млн шаршы метр баспана салу көзделіп отыр. Бұл ретте Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы әкімдіктермен бірге әлеуметтік кредиттік баспана салуды қаржыландыруды жалғастырады.

 

Нәтижесінде 2025 жылға қарай елімізде кезекте тұрған азаматтар үшін 86 мыңнан астам баспана салынады. Отбасы банкі арқылы халыққа 2 және 5 пайыздық жеңілдікпен несие беру де жалғасады. Ол үшін аталған ұлттық жоба аясында 400 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражат кірісі 1 ең төменгі күнкөріске жетпейтін 63 мыңнан астам кезекте тұрған азаматты қолдауға мүмкіндік береді.

 

Айта кетерлігі, алдағы уақытта елімізде кредит берудің бірыңғай ең жоғары сомасы 15-18 млн теңге шегінде бекітілмек. Бұл ретте алдын ала тұрғын үй заемінің ең төменгі жарнасы 10 пайыз мөлшерінде бекітілмек.

 

Бұған қоса, жеңілдік бағдарламасына қатысушылар тізімі кеңейтіліп, ең төменгі күкөрістің шекті мөлшері ұлғайтылмақ.

 

Сонымен қатар Отбасы банкіне ұлттық қолдау институты мәртебесін беру мәселесі де пысықталып жатыр. Ұлттық жобаның екінші бағыты ішкі көлік желісін дамытуды және аумақтардың сыртқы байланысын арттыруды қамтиды. Ол 11 мың шақырым республикалық жолдарды және 27 мың шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 100 пайызға дейін және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 95 пайызға дейін арттырады.

 

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылы астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өңірлік өсімін жыл сайын 3,9 пайызға ұлғайту; транзиттік жүк легін 22,7-ден 30 млн тоннаға дейін арттыру көзделеді.

 

Сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі позициясын «Инфрақұрылым» көрсеткіші бойынша 62-ден 49-ға дейін; Дүниежүзілік банк рейтингінде «Логистика тиімділігі» көрсеткіші (LPI) бойынша 71-ден 50-ге дейін жақсарту күтіледі. Мұнан бөлек 491,1 мың жұмыс орны, оның ішінде 15,7 мың тұрақты жұмыс орны; 475,4 мың уақытша жұмыс орны құрылмақ. Урбандалу деңгейі 59,1 пайыздан 62,6 пайызға дейін ұлғайтылып, облыс орталықтарындағы халық саны жыл сайын 1,7 пайызға артып отыратын болады.

 

 

 ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста