«Халықтық ІРО»: акция алу үшін нені білу керек?

«Халықтық ІРО»: акция алу үшін нені білу керек?

2022 жылы қазақстандықтарда ірі компаниялардың акционері болуға мүмкіндік туады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Еске салайық, Мемлекет басшысы еліміздегі компаниялардың акцияларын «Халықтық ІРО» арқылы сатылымға шығару мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.

 

Сарапшылар бұл бағдарламаға «ҚазТрансГаз» компаниясының  25 процент акциясы қатысады деген болжам жасап отыр. Бір акция бағасы қандай болатыны әзерге белгісіз.

 

Ал осындай акцияларды сатып алатындар нені ескеру керек?

 

Өкен «Халықтық ІРО-лар» қалай аяқталды. ІРО деп компания акцияларының ашық түрде сатылуын айтамыз. Ал «Халықтық ІРО» деген сатуға шығарылатын құнды қағаздар сол компания операция жүргізетін мемлекеттің халқына ұсынылатынын білдіреді.

 

Өткен жылдарға көз жүгіртсек, Қазақстанда екі Халықтық ІРО болды. 2012 жылы «ҚазТрансОйл» компаниясының акциялары «Халықтық ІРО-ға» шығарылды.

 

Үкіметтің қаулысына сәйкес, компанияның бір қарапайым акциясының құны 725 теңге деп белгіленді. Қазір олар 1100 теңге тұрады. 2014 жылы «Халықтық  IPO» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан қор нарығында KEGOC компаниясының жай акциялары орналастырылды. Әрбіреуінің құны 505 теңгеден сатылды. Олардың қазіргі бағасы – 1700 теңге. Қағаз иелері акциялардың өсуінен ғана емес, дивидендтерден де табыс алады.

 

Түсіп Нүкенов, «Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

 

– Соңғы екі-үш жыл бойы Үкімет Халықтық ІРО» болады деп болжап отыр және біздің де клиенттер, жалпы нарық оған қызығушылығын білдіріп отыр. Тиімді көрсеткіш – екі «Халықтық ІРО-ның» өте жоғары деңгейде өткені. KEGOG компаниясы соңғы 6 жылда 300%-ке өсті, бұл дивидент төлемін санамағанда. «ҚазТрансОйл» компаниясы да жақсы нәтиже беріп отыр.

 

Бірақ кейбір сарапшылар еліміздегі «Халықтық ІРО-да» құнды қағаздарды сату жүйесін сынға алды.

 

Арман Батаев, қаржы сарапшысы:

 

– Біздің жағдайда бұл толыққанды IPO емес. Өйткені бізде мемлекет нарықта әбден орныққан компанияларды жекешелендіріп, қолда бар өнімдерді сатады. Ақша компанияға бармайды, ақша мемлекетке түседі. «Самұрық-Қазына» атынан түседі. Содан кейін «Самұрық-Қазына» оны Ұлттық қорға береді. Классикалық түсінікте бұл IPO емес. Бұл – жай ғана компаниядағы үлесті сату.

 

Ал шетелде компания алдымен бизнес-модельді, процестерді реттейді. Кейін ауқымын кеңейткісі келгенде IPO өткізеді. Ол үшін компания қосымша акциялар шығарады, адамдар бұл акцияларды сатып алады. Осылайша компания өз өндірісін кеңейтеді және бәрі табыс табады. 

 

Сарапшының айтуынша, ірі компаниялардың топ-менеджментіне IPO-ға қатысу тиімсіз. Ол үшін кәсіпорындар басқару жүйесін оңтайландырып, атқарылған жұмысты ашық көрсету керек болады.

 

Бұған қоса, компаниялардың топ-менеджменті IPO-дан опцион алмайды. Опцион деп отырғанымыз – иесіне келешекте қандай да бір активтерді нақты бір бағамен сатып алу немесе сату құқығын беретін бағалы қағаз.

 

Арман Батаев, Finmentor.Kz негізін қалаушы:

 

– Әдетте классикалық түрде шетелдік компанияларда бәрі өсім көрсетеді, өйткені топ-менеджменттің опциондары бар. Олар нөлдік тұрақтылықта нарыққа шығарылатын акциялардың бір бөлігін төмендетілген немесе үлкен жеңілдікпен алады.

 

IPO-ға шығатын компаниялардың жайын айттық. Енді осы акцияларды сатып алушыларға қажетті ақпаратпен бөліссек. Инвестициялауға енді ғана келген азаматтар алдымен өзінің қаржылай сауаттылығын арттыру керек. Өйтпеген жағдайда қыруар қаражаттан айырылып қалу қаупі жоғары. 

 

Александр Репников, қаржылық кеңесші:

 

– Міндетті түрде қаржылық сауаттылықтан бастау керек. Қаржылық сауаттылық сізге қаржы нарықтарында не болып жатқанын дұрыс түсінуге және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Түсіп Нүкенов, «Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

 

– Бағалы қағаздар инвесторларға 100% табыс әкеледі деп сенбеу керек. Тәуекел мен мүмкіндіктерді дұрыс есептей біліп, дұрыс компаниялар таңдай білу инвестор үшін өте маңызды болып табылады.

 

Бұдан бөлек биржа мамандары инвестициялар саласына сараптама жасап, тек лицензиясы бар брокерлерге жүгінуге кеңес береді.

 

Зарина Абитаева, KASE эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс бойынша директоры:

 

– Біріншіден, соңғы ақшаға сатып алмаңыз. Кірістілік бойынша күтулер ақталмауы мүмкін. Сондықтан қаражатсыз қалу қаупін тудырмаңыз. Екіншісі – ол қарыз ақшаға сатып алмау. Қарыздарды мерзімінде және пайыздармен жабу керек. Ал акциялар, инвестициялар сіз үшін қолайлы мерзімде әрдайым жете бермейді. Бұл жағдайда өскен қарыз сомасы бағалы қағаздан түсетін табыспен жабылмауы мүмкін. Үшінші – ол портфельді қаржы құралдарын атаулар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру керек.

 

Сонымен, сөз соңында акцияларды сатып алу арқылы шынымен де ақша табуға бола ма деген сұрақ туындайды? Оның жауабын біз соңғы бес жыл өмірін инвестиялауға арнаған азаматтардан сұрап көрдік.

 

Александр Репников, қаржылық кеңесші:

 

– Қаржы нарықтарында кәсіби мамандар ақша таба алады. Бірақ басқа сала өкілдеріне де қаржы нарығына қатысу маңызды дер едім. Өйткені барлық экономикалық өсім қазір осы нарық арқылы қаржыландырылады және бұл тұтас қоғам болып қалыптастырып жатқан қаржы әлеміне қатысудың жалғыз жолы.

 

Ал биыл Президент «Халықтық ІРО» бағдарламасын қайта іске қосуды тапсырды. Кезекті сатылымға «ҚазТрансГаз» компаниясының  акциялары шығарылуы мүмкін. Сондықтан келер жылы әрбір қазақстандықта ірі компания акционері атануға мүмкіндік болады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста