Халыққа 4 %-пен автонесие берудің керегі жоқ - депутат

Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нәжметдинұлы Qasqa Jol Youtubeарнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Бізде халықта ақша жоқ деген қағида бар. Онда несиеге автокөлік берсең оның қарызын қалай төлейді? Ал несиені мемлекеттік банктен алады. Неге сол несиені ауыл шаруашылығы техникасын алуға бермейміз. Содан шаруа жұмыс істеп, өнім шығарып, сатып, ақша таппай ма? Сол қаржыға автокөлігін алады ғой.

Мемлекет 100 млрд теңгені жеңілдетілген автонесиеге бергенше техника алуға берсін. Ал техникаға деп отырған 30 млрдты жеңіл автокөлікке бөлсін.

Халық шаруашылықпен айналысып, өнім өндіріп, жағдайын дұрыстап жатса қаржысын бала-шағасына, азық-түлікке, көлікке жұмсайды ғой. Есесіне банкке тәуелді болмайды», — деп түсіндірді ол.

 

«Қазір 20 млн теңгеге он жылға 4%-бен көлік алса, он жылда 40% болады. Көлік отандық дейді, бірақ бөлшектерінің бәрі Қытай, Корея. Яғни ақша сол елдердің экономикасына кетеді. Бұл тұтыну кредиті. Дүкеннен телефон алғанмен бірдей, мәшине мен телефон өнім шығармайды ғой. Тұтыну кредиті инфляцияны күшейте береді. Үкімет сонымен күресті күшейтудің орнына керісінше жасап отыр.

Халық көшеге көлігі жоқтықтан емес, айлығы жоқтан, табысы төмендіктен шығады. Оның мойнына барып кредитпен тағы салмақ салмақпыз. Сондықтан халыққа балық емес, қармақ беру керек. Ал біз супер әлеуметтік мемлекетке айналып кеттік», — дейді депутат.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста