Үш облыс халқының табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 28-40% төмен
2015 жылдың 1 тоқсанында табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, — деп хабарлайды Baq.kz ҚР ҰЭМ СК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
2015 жылдың 1 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 61 997 теңгені құрады.
Осы кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 6,2%-ға өсуіне байланысты 2014 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 7,5%-ға өсті.
Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары 2014 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 1,2%-ға өсті.
2015 жылдың 1 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Атырау облысы және Алматы мен Астана қалаларында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,0-1,8 есеге асқандығы байқалды.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 28-40% төмен.
2015 жылдың 1 тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады.
kazgazeta.kz