Ұлттық киім өндірісінің өркендегені керек-ақ

Ұлттық киім өндірісінің өркендегені керек-ақ

Ұлтыңды сүю бар, оныңды дәлелдеу тағы бар. Біз көбінесе әсірелеп, эмоцияға беріліп жатамыз. Құр дақпырттан ештеңе өнбейтінін түсінсек те, іспен дәлелдеуге келгенде кібіртіктеп қалатынымыз да жасырын емес.
Ұлттық мерекелерде ғана жарқыратып киетін киімдеріміз экспонатқа айналып бара жатыр деп жиі дабыл қағатын едік, қазір жастың да, жасамыстың да тарапынан өзге мерекелерде, атап айтқанда 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнінде, Астана қаласының күні сияқты атаулы күндер қарсаңында ұлттық киімдерге сұраныс артып келеді. Сұраныс қанағаттандырылу үшін ою-өрнек басылса болды дейтіндер де көп. Қазақ мәдениетін жастарға ба­рын­ша насихаттап, арнайы еңбектер жазып жүр­ген Зейнеп Ахметова бір сөзінде ба­лақтағы оюдың бас киімде жүргенін айтып на­лыған еді. Ал мәдениеттанушылар ұлт­тық киімнің көбінің безендірілуі кемшін дегенді алға тартады.
Осындай олқылықтың орнын тол­ты­руды мақсат етіп қойған Zhibek - Dizain компаниясы елордада өз жұмысын бастады. Компания өкілдерінің айтуынша, кө­неден келе жатқан ұлттық дизайнмен қа­тар, ұлттық құндылықтарды сақтай оты­рып, заманауи үлгідегі киімдер мен үй жаб­дықтарын, селт еткізер кәде сыйлар топ­тамасын жасауды қолға алып отыр.
Ашылу салтанатына келген қонақтар на­зарына компания өнімдері ұсынылып, ша­ғын көрме ұйымдастырылды.
Талғат ЕРҒАЛИЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Мемлекет қазір шағын және орта бизнесті дамытуды барынша қолдап отыр. Соның арқасында қазір аза­мат­тарымыз әр сала бойынша жеке істерін жүр­гізуге мүмкіндік алды. Бір азамат осындай іс бастаса, бірнеше адамға жұ­мыс табылады деген сөз. Осындай мүм­кіндікті басқа салаға емес, қазақтың ұлт­тық жәдігерлерін жаңғыртуға пай­даланып отырған Zhibek - Dizain ком­па­ниясына алғыс айта отырып, жұ­мы­сына сәттілік тілеймін.

Құдайберген БЕКІШ, ҚР мәдениет қайраткері, әнші:
– Осындай берекелі істің басталуы­на куәгер болайық деп Алматыдан ат тер­летіп келдік. Ұлттық өнердің кеңінен на­­сихатталуына әрқайсымыз атса­лы­суымыз қажет. Қазақтың бәрі – патриот. Бі­рақ тәуекелшіл емеспіз. Осы істі қол­ға алған компания басшылығына рақ­мет айтуымыз керек.

Хадиша АҒЫБАЕВА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі:
– Бүгінде ұлттық киімдер мен әше­кейлерді сахнада жүрген бишілер мен дәстүрлі әншілер ғана киеді деу дұрыс емес. Менің байқағаным, осында кел­ген жастар заманауи үлгіде тігілген киім­­дерге қызығушылық танытып жа­тыр. Тек олардың жоғары талғамына сай киім-кешек, жабдықтар дайын­дай­тын осындай орталықтар көбейсе бол­ғаны. Шетелдіктердің де біздің ұлттық жә­­дігерлерімізге қызығушылығы ерек­ше.

Облыс орталықтарын айтпағанда, бір ғана Астананың өзінде осындай компа­ния­лардың қарасы көбейіп келеді. Бұның өзі, нарық заңдылықтарына салсақ, ел ара­сын­да ұлттық өнерге сұраныстың артып келе жат­қанын көрсетсе керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста