Тоқаев мәжілісте халықтың кредиті жайлы айтты

Тоқаев мәжілісте халықтың кредиті жайлы айтты

Кредит алатындардың көбеюі қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Қаржы жүйесінің тұрақтылығы ұлттық экономиканы дамытудың кепілі екені белгілі. Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан, тұтыну кредиттері айтарлықтай артты. Оның мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кетті", - деді Тоқаев.

 

Ол халық қазіргі уақытта көп кредит алып жатқанын атап өтті.

 

"Осыны ескерсек, бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін. Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол емес", - деп толықтырды мемлекет басшысы.

 

Оның пікірінше, ең алдымен шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау қажет.

 

"Сондықтан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциялық реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырамын", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста