"Той кредитіне" тыйым салына ма – Досаев несие беруді шектеу мәселесін көтерді

"Той кредитіне" тыйым салына ма – Досаев несие беруді шектеу мәселесін көтерді

Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы тұтынушылық кредиттердің 9 проценті тойға алынатынын айтты. Бүгін сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев кредит төлей алмайтындарға қарызға ақша беруді шектеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды  тілшісі.

Бас банкирдің айтуынша, мәселе арнайы заң жобасында қарастырылған. Атап айтқанда, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар үшін кепілсіз тұтынушылық кредит алуға шектеулер енгізіледі.

"Заң бар. Енді, ұлттық банк оны іске асыру аясында ішкі нормативтік актілерді қабылдайды", - деді Досаев.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева оңтүстіктен келген әдемі келіншекті таныстырды

Осыдан кейін спикер Дариға Назарбаева "той кредиттері" туралы сұрады. "Ал үйлену тойына алынатын кредиттерге қалай қарайсыз?", - деді спикер.

Банк төрағасының айтуынша, Қазақстанда берілген тұтынушылық кредиттердің 9 проценті – "той кредиттері".

"Оған ешкім шектеу қоймайды. Әрине, табыстың тиісті деңгейі болуы қажет. Дариға Нұрсұлтанқызы, бұл – әрбір отбасының жеке шешімі. Өкінішке қарай, бізде ондай кредиттерді ата-аналар алады, ал балалары қайтарып жатады. Сөйтіп, кредит оларға ауысып кетеді", - деп атап көрсетті Досаев.

Бас банкирдің сөзіне қарағанда, биыл халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру шараларына басымдық беріледі.

"Өйткені алған кредитті қайтару қажет. Әрине, "той кредитіне" тыйым сала алмаймыз. Дегенмен, біз осы кредиттердің саны мен көлемін реттеуді көздейміз", - дейді Досаев. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста